Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі сәуірден мамырға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80 пайыз жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы ККГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері – әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.
Адам қалай жұқтырады? Көбінесе адам вирусты жұқтырған кене шаққанда, вирус ағзаға тері арқылы енгенде жұқтырады. Сондай-ақ адам кенелерді басып-жаншығанда, вирус денеге микрожарықтар мен терідегі жаралар арқылы енген кезде де жұқтыруы мүмкін. Адамның КГЛ вирусына табиғи сезімталдығы жоғары.
Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің алғашқы белгілері кенеттен пайда болады. Ауру температураның 40 градусқа көтерілуінен басталады. Науқастар бүкіл денеде әлсіздік пен ауырсынуды сезінеді. Емдеу болмаған жағдайда өлімге әкеледі.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу барысында Шу ауданында маусымдық зарарсыздандыру жұмыстары жургізілуде:
• Шу қаласы жалпы аумағы 1020 га жерге 14-25.04.2025 ж. аралықта;
• Төле би ауылы жалпы аумағы 721,2 га жерге 26.04-01.05.2025 ж. аралықта;
• Алға а.о. жалпы аумағы 205 га жерге 02-03.05.2025 ж. аралықта;
• Қонаев а.о. жалпы аумағы 283 га жерге 04-06.05.2025 ж. аралықта;
• Дулат а.о. жалпы аумағы 91,8 га жерге 07.05.2025 ж. аралықта;
• Балуан Шолақ а.о. жалпы аумағы 142 га жерге 08.05.2025 ж. аралықта;
• Қорағаты ауылдық округі жалпы аумағы 160 га жерге, 09.05.2025 ж. аралықта;
• Ақсу а.о. жалпы аумағы 350 га жерге 10-12.05.2025 ж. аралықта;
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекция. Табиғи ошақтардағы кенелер кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін.
Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну – сізді аурулардан, ең бастысы өміріңізді сақтайды.
Рыскүл Әбікен,
ҚР ДСМ СЭБҚ «Ұлттық Сараптама Орталығы» ШЖҚ РМК
Жамбыл облысы бойынша филиалының Шу аудандық бөлімшесінің дезинфекция секторының инструктор-
дезинфектор маманы.