Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функционалдық міндеттері
1.Ресурстық ораталық қызметінің мәні жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
2. Ресурстық орталық қызметінің мақсаты жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыру болып табылады.
3. Ресурстық орталық жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
4. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
5. Ресурстық орталықтың қызметі Ресурстық орталықтың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
6. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
7. Ресурстық орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
жастарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;
жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі;
өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;
жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;
жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;
жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;
жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;
жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
7) жастар ортасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;
волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;
жастар ортасында волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;
некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;
қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;
жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;
жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;
жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
13) Ресурстық орталықтың қызметін жарықтандыру;
14) жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сасатын жүргізу;
15) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
Мекенжайымыз: Төле би ауылы, Қарасу №2/б. Аудандық жастар ресурстық орталығы.