Ақпараттық портал

Архивтік анықтамаларды беру – жауапты іс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29-мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде архивтік анықтама беру қызметі тікелей мемлекеттік архив пен «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы ұлттық акционерлік қоғамы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www egov kz веб порталы арқылы жүргізіледі.
Көбіне азаматтар еңбек өтілі мен еңбекақысының мөлшерін, мемлекеттік және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарға, отбасы құрамы, азаматтық хал-жағдай актілері, мүліктік құқықтарды растауға, аудан, қала, облыс атауларын өзгертуге байланысты сұрау салып жатады. Архивтік анықтамалар, архивтік үзінділер және архивтік көшірмелерді алу осы бағыттағы өтініштің (сауалдың, арыздың) мемлекеттік архивке тіркелген күнінен бастап 11 жұмыс күні ішінде ұсынылады. Архивтік анықтамаларды беруде кейбір қиыншылықтар да туындап жатады. Мысалға, азаматтар өтініштерінде қандай мекемеде және қандай мезгіл аралығында жұмыс атқарғанын көрсетуді ұмыт қалдырады. Бұл өз кезегінде архивтік анықтамаларды беруден бас тарту негіз болып табылады.
Архивистер, жинақталаған құжаттар негізінде жыл сайын жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды қарап, мемлекеттік қызметті сапалы орындайды. Олардың ішінде ТМД елдерінде тұратын азаматтардын да сұраныстары және жазушы-ғалымдар мен өлкетанушылардың тарихи зерттеу жұмыстарына қажетті сұраныстар да бар. Архивте сақтауда тұрған құжаттардың жыл санап құңдылығы мен тарихи маңыздылығы артатыны анық. Өтініш білдірушілердің сексен пайызға жуығы зейнет жасына келген қариялар екенін ескерсек, архивтік анықтамалардың тегін берілуі мемлекет тарапынан жасалған үлкен жеңілдік. Сондықтан, архив құжаттарының арасында тарихымыздың анықтығы мен ақиқат күйінің күңгірлеген даусы естілетіні ешкімге күмән келтірмейді.
Анықтама алуға кезекте тұрмау үшін Egov порталын пайдалануды үйреніңіз. Egov.kz порталын қалай пайдалану керек екенін білу кейбіреулер үшін оңай болмауы да мүмкін. Егер бұған азғантай уақытыңызды бөліп, ұғып алсаңыз, өміріңізді жеңілдетуге болады. «Informburo.kz» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге электронды үкіметтің сайтына тіркелуге ғана көмектесіп қоймай, мемлекеттік қызметті үйде отырып-ақ алудың нұсқаулығы әзірленді.

Egov.kz сайтымен жұмыс істеуге
кез келген компьютер жарай ма?
Egov.kz сайтына планшет немесе смартфоннан, компьютер не ноутбуктан да кіруге болады. Әзірше мобайл қосымша дамып жатыр, сондықтан гаджеттермен интернеттегі барлық мемлекеттік қызметке қосылу мүмкіндігі аз. Электронды үкіметтің барлық бөлімі компьютер қолданушыларына ашық.
Компьютерге де, ноутбукқа да мәліметтерді қорғауға арналған «NCALayer» деп аталатын арнайы бағдарлама орнатылуы керек. Оны компьютерге орнату оңай. Ол үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының PKI.gov.kz сайтына кіріп, «ЭЦҚ кілтін алу» бөлімін, Windows-қа арналған, Linux-ке арналған немесе MacOSX-ке арналған нұсқаларының бірін таңдап, бағдарламаны жүктеу керек. Одан кейін жүктелген программа компьютерге орнатылып, іске қосылады.

Egov.kz сайтына тіркелу үшін
не керек?
Электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. Ол халыққа қызмет көрсететін кез келген орталықтан алынады. Ол үшін сайтта да талап етілген барлық мәліметті көрсетіп (ЖСН, электрон пошта, өзіңіз баратын Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан елді мекен атауы), өтініш беруге болады. Содан соң өзіңіздің электронды өтінішіңізді жүктеп алып, жеке куәлігіңізбен Халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Бұл сіздің атыңыздан басқа біреудің өтініш бермегенін дәлелдеу үшін керек.
Халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ алуға кезекке тұру үшін талон алып, өтінішіңізге қызмет көрсету орталығындағы маманға қол қойдырасыз. Осыдан кейін бірден PKI.gov.kz сайтынан ЭЦҚ жүктеп алуға болады. Бұл үшін компьютеріңізден кіріп, өтініш нөмірін енгізу жеткілікті. ЭЦҚ-да екі кілт бар: біреуі Egov.kz сайтында жеке кабинетіңізге кіру үшін, екіншісі қызметті алу кезінде қол қою үшін. Әрі қарай ЭЦҚ-ға құпия сөз ойлап табу керек, ол бір жылға дейін жарамды. Құпия сөз 8-ден аспайтын, кемінде 6 символдан тұруға тиіс.

Egov.kz сайтына тіркелу
тәртібі
Egov.kz порталына төрт тәсілмен кіруге болады. ЭЦҚ-мен кіретін екінші тәсілді қарастырайық. Өйткені, онымен сайттағы барлық мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік бар. Әуелі басты беттегі «Жеке кабинет» батырмасын басамыз, төрт беттің ішінен ЭЦҚ таңдап, әрі қарай «Сертификатты таңдау» және сақталған жерден (флешкартадан немесе компьютерден) AUTH-бірінші кілтінің үстінен басамыз. Соңында құпия сөзді енгіземіз. Кейде жұмыс жасамай тұруы мүмкін, сондықтан авторизация кілті мен құпия сөзді бірнеше мәрте енгізуге тура келеді.

Даяна Мыңбайқызы,
«Шу ауданының мемлекеттік архиві» КММ архивисі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.