ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ – ЕГІЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті. Онда аталған тәуелсіздік, отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық білім беру жүйесінде тәрбиенің нақты жүзеге асуына негіз болды.
Осыған орай, мен «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында Шу ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курсты жүргіздім.
Курс барысында педагогтер «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асырудың жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасу арқылы құндылықтарды білім беру процесіне толыққанды енгізудің жаңа идеяларын ұсынды.
Зере Смаилова,
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы
Кәсіби даму институтының аға оқытушысы.