Ақпараттық портал

Жамбыл облысының шекаралық аймақтарында тұратын жергілікті тұрғындарына үндеу

Жамбыл облысының шекара маңы аудандарының тұрғындарына!
Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысыңыз! Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға көмектесу үшін ерікті жасақшылар қатарына қабылдау жүргізіп жатқандығын хабарлайды.
Сіздің қырағылығыңыз бен бей-жай қарамауыңыз шекара маңы аумағындағы тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаруы мүмкін. Еліміздің шекарасын күзетуші команданың мүшесі болыңыз!
Біз ұсынамыз:
• Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне жеке үлес қосу мүмкіндігі;
• Маңызды және игі іске қатысу;
• Белсенді көмегіңіз үшін Қазақстан Республикасының Шекара қызметінен ақшалай сыйақы.
Егер, сіз ерікті жасақшы болуға және Мемлекеттік шекараны қорғауға өз үлесіңізді қосуға дайын болсаңыз, Жамбыл облысындағы Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің жақын маңындағы бөлімшесіне хабарласыңыз.
Бірге шекарамызды қорғаймыз!
Толық ақпарат алу үшін: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрылымдылық бөлімшелерінің тікелей басшыларына, сонымен қатар Шекараны күзету басқармасының «8 (7262) – 940-589, 940-552, 940-646» байланыс және +7 (775) 455-5819 ұялы телефондарына хабарласуыңызға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.