Заң мен тәртіп – қоғам тірегі
Мемлекеттің құқықтық негізінің беріктігі мен азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуде сот жүйесі айрықша рөл атқарады. Әділдіктің таразысын ұстаушы басты тұлға — судья. Оның қабылдаған әрбір шешімі адам тағдырына, қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің орнығуына тікелей әсер етеді.
Судья болу — бұл жай ғана лауазым емес, бұл үлкен жауапкершілік пен адамгершілік жүгі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, судья өз қызметінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Шу аудандық сотының ұжымы осы биік талаптарды басшылыққа ала отырып, аудан тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Бүгінгі таңда Шу аудандық соты — заманауи технологиялармен жабдықталған, ашықтық пен қолжетімділік принциптерін ұстанатын мемлекеттік орган. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында цифрлық жүйелердің (Сот кабинеті, дыбыс-бейне жазу құрылғылары) тиімділігі жоғары. Бұл процестердің ашық өтуіне және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Шу аудандық сотында 5 білікті судья қызмет атқаруда. Олар — заң саласында мол тәжірибесі бар, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар.
Әрбір судьяның күнделікті жұмысы жүздеген талап-арыздарды қарауды, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және азаматтық істер бойынша әділ шешім қабылдап, үкім шығаруды қамтиды. Осы 5 судьяның мойнында бүкіл аудан халқының құқықтық тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Тура биде туған жоқ» деген қазақ даналығын ту еткен Шу аудандық сотының судьялары алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға өз үлестерін қоса бермек. Судьяның беделі — мемлекеттің беделі. Сондықтан да сот жүйесіндегі басты тұлғаның мәртебесін биік ұстау, оның әділдігіне сену — құқықтық қоғамның басты шарты.
Абылай Мырзақұлов,
Шу аудандық соттар әкімшісінің басшысы.