Заң және тәртіп
Шу қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шу темір жол студеттерімен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Шу АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКт-ның аға инспекторы полиция капитаны Садық Жансая Қырбашқызы қатысты.
Іс-шараның мақсаты-жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмыстың салдары мен жауапкершілігін түсіндіру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жастарға нақты мысалдар келтіріп, заң талаптары түсіндірілді.
Кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Қылмыс – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Онымен күресу үшін әр адам заңды сақтап, тәртіпке бағынуы қажет.