Түлектер турнирі
2025 жылдың маусым айының 7-і күні Төле би ауылында Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның 1989-2003 жылдары аралығында туған түлектері арасында дәстүрлі футбол турнирі өткізілді.
Кезекті турнирге барлығы 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Кубоктар мен қаржылай сыйлықтар сарапқа салынған сайыста 1998-99 жылғы жігіттер чемпион атанды. Сонымен қатар жарысқа алғашқы рет қатысқан 2003 жылғылар күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті 1997 жылғы азаматтар түйіндесе, төртінші орынды жарысты ұйымдастырушылардың бірі 1989 жылы туған мектеп түлектері марапатталды.
Одан бөлек, турнир барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен дараланды. Атап айтқанда, Расул Ыбыраш үздік қақпашы, Нүркен Орынтаев үздік қорғаушы, Арман Теңізбаев үздік ойыншы, Кәрім Мұратбек турнирдің сұрмергені атанып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастыру жағына аталмыш білім ошағының 2010 жылғы түлектері, яғни 1992 жылғы жігіттер қомақты үлес қосқанын атап өткен жөн.
Байжан Емберді.