Ақпараттық портал

Еселі еңбек еленген күн

Белбасар ауылының тумасы, еңбек ардагері Қуат Молдияров Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Туған өлкесінің өркендеуіне ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан қарияның көпжылдық еңбегі жоғары бағаланды.
Осыған орай, аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков белбасарлық қария Қуат Молдияровтың шаңырағына арнайы барып, лайықты марапатын табыстады. Марапаттау барысында қазыналы қарттың иығына қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, ақсақалға ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ алтын құрсақты кейуана Жорахан Боранбаеваға ақ жаулық пен гүл шоқтары тарту етілді.
Қазіргі таңда тоқсан жасқа таяған Қуат Молдияров ауылдың қадірлі көнекөзі қатарында кейінгі ұрпаққа өнегелі өмір жолын насихаттап, жастарға ақыл-кеңесін айтып келеді. Сондай-ақ отанасы екеуі өсірген ұрпақтың құрметіне бөленіп, немере-шөберенің шуына құлақ тұндырып отырған бақытты абыз.
Бір топ меймандар еңбек ардагерін жоғары марапатымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасының амандығын тіледі.
Шаңырағына келген аудан басшыларына разы болған Қуат ата білегін түріп батасын берді. Заманның тыныштығы мен елдің амандығын батасына қосты.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.