Ақпараттық портал

ТҰМАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫ ВИРУСТЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ

Жедел респираторлық вирусты жұқпалар біздің еліміздегі денсаулық сақтау саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Тұмау және басқа да жедел респираторлы вирусты жұқпалы аурулары жалпы улану мен жоғары тыныс алу жолдарының зақымдануымен байқалатын вирустық этиологияның тыныс алу органдарының жедел ауруы.
Жедел респираторлық вирусты жұқпалармен аурудың өсуі жылдың суық мезгілінде басталады. Инфекцияны таратушы науқас адам болып табылады. Таралуы – ауа тамшы жолымен.
Бұл көп жағдайда вирус ұйымдастырылған ұжымдарда, үй-жайлардың ішінде аса жылдам таралады.
ЖРВИ белгілері: дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның бітелуі, түшкіру, бас ауруы, селқостық, әлсіздік, ауыршаңдық.
Аурудың жағымсыз салдары қауіпті топқа бір жасқа дейінгі балалар мен тыныс алу органдарының аурулары жүрек –қан тамыр жүйесі паталогиялары бар, 60 жастан асқан ересектер кіреді .
Бәрінен жиі ұжымдардағы балалар, мектеп алды мекемелері мен мектептерге баратын балалар жұқтырады.
Аурудың эпидемиялық өршу кезеңінде төмендегі алдын алу шараларын қолдану ұсынылады:
ауру белгілері бар адамдармен байланыс жасауды үзу;
адамдар көп жиналған орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
медициналық маска тағу;
қолды сабындап жиі әрі мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған арнайы құралмен сүрту;
үй-жайды сумен тазалау, ауаны желдету және ылғалдандыру;
салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, үйлестірілген тамақтану, дене белсенділігі).
Ағзаның респираторлы вирустарға, оның ішінде грипп вирусына, төзімділігін арттыру мақсатында арнайы емес алдын алу шаралары ретінде иммунитетті арттыратын түрлі препараттар мен құралдар қолданылады (дәрігердің ұсынуымен).
ЖРВИ-мен ауырып қалсаңыз, не істеу керек?
Үйде қалып, шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек.
ЖРВИ кезінде өз бетіңмен емделуге болмайды. Тек дәрігер ғана диагноз қойып, қажетті ем тағайындау керек. Емдеуші дәрігердің барлық кеңестерін қатаң түрде орындау қажет; дәрілерді уақытында қабылдау және ауру кезінде төсектен тұрмау және сұйықтық көп ішу.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін науқасты сау адамдардан оқшаулау (жеке бөлме бөлген жөн) керек. Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, қолданыстағы заттары мен еденді зарарсыздандырғыш құралдармен сүрту қажет.
Науқаспен қарым-қатынасты мейілінше шектеген жөн.

Қарлығаш Ускенбаева,
Шу аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.