Ақпараттық портал

бірлікті нығайту – басты талап

Кейінгі жылдары әлемде орын алып жатқан сын-қатерлер, жаһандық тұрақсыздық, қарулы қақтығыстар бізді қазіргі заманға жаңа көзқараспен қарауға, жаңа байланыс нүктелері мен ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеуге итермелеуде. Жақында бүкіл әлем сарапшылары Жерорта теңізінен Еуразия кеңістігінің Охот теңізіне дейін созылған түркі әлемінің белсенділігінің артқанын атап өтті. Түркі халықтарының ұлттық санасының өсуі, олардың мәдениетінің, дәстүрлерінің, дүниетанымының ортақтығы ортақ түркі кеңістігін құруға ұмтылған бауырлас халықтардың жақындасуына ықпал етеді.
Қуантарлығы, жасалып жатқан әрекеттер ақырындап нәтижесін береді. Қазіргі түркі интеграциясының пайда болуының тарихи эволюциясын бақылай отырып, Қазақстанның бастамасымен 2006 жылы Түркі Парламенттік Ассамблеясын (ТүркПА) құру туралы келісімге 2008 жылы қол қойылған түркі интеграциясы идеясы өз бағытын ала бастағанын атап өткім келеді.
Азия өңірінде ТүркПА-ның құрылуы уақытында қолға алынған және сұранысқа ие құбылыс екендігі сөзсіз.
Ыстамбұл Декларациясында атап өтілгендей, ТүркПА-ның басты міндеті – түркітілдес мемлекеттердің интеграциясын жеделдету болып табылады.
Оның мақсаты-парламенттік бірлестік түрінде бірыңғай тетікті қалыптастыру, саяси көзқарастардың сәйкестігіне қол жеткізу, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Ал, түркітілдес мемлекеттердің бірлігіне қол жеткізу үшін олар ортақ проблемаларды талқылап, заңнамалық деңгейде шешімдер қабылдауы қажет.
Айта кету керек, қысқа уақыт ішінде ТүркПА ЕКПА және НАТО ПА сияқты беделді құрылымдармен өзара іс-қимылды жолға қойып, халықаралық парламенттік одақта (ХПО), ЕҚЫҰ ПА және ИЫҰ ҚС бақылаушы мәртебесін алды.
Түркі ынтымақтастығының нығаюына өзге мемлекеттерде тұратын түркі халықтарының өкілдерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан еліміздің қоғамдық ұйымдары да өз үлесін қосуда. Мәселен, жерлесіміз Никита Данилович Храмов басқаратын Қазақстан Республикасының Чуваш әлеуметтік-мәдени орталығы көптеген жұмыстар атқаруда.
Жуырда Чувашстан Республикасы Чуваш әлеуметтік-мәдени орталығының төрағасы Михаил Юхманың арнайы шақыруымен ақын Жамбыл Жабаевтың шөбересі, Ішкі істер министрлігінің ардагері Мұратхан Жамбыловпен бірге Ресей Федерациясының құрамында осы республиканың астанасында болып, гуманитарлық және мәдени салалардағы қазақ-чуваш ынтымақтастығын нығайтуға арналған бірқатар іс-шараларға қатысты.
Қазақстаннан келген қонақтарды Чувашия Республикасы Жазушылар одағының қызметкерлері қарсы алып, олар үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Осы мәселе бойынша Жазушылар одағының ғимаратында Чувашия Республикасындағы Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Аги Алиев, жергілікті өзбек диаспорасының басшысы Абдували Ермашев, Ресей Федерациясы Ардагерлер Одағының Чуваш аймақтық филиалы төрағасының орынбасары, кеңес офицерлері Одағының Чебоксар қалалық филиалының төрағасы, Ресейдің құрметті құрылысшысы Василий Лаврентьев, Қазан қаласындағы Түрік консулдығының өкілі, аудармашы Татьяна Ок және жұбайы Кадир Октың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Осы жиналыс барысында Мұратхан Жамбылов Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың атынан Чувашияның бірқатар азаматтарын қордың мерейтойлық медальдарымен марапаттады. Өз кезегінде марапат алған азаматтар да қапы қалмай Никита Храмовқа Чуваш қоғамдық-мәдени орталығының “В.И.Ленинге 150 жыл” мерейтойлық медалін табыстады. Ал Чуваш Республикасы дворяндық жиналысының шешімімен Мұратхан Жамбыловқа арнайы сертификат табысталып, “Ғұн-Чуваш-Болгар Тарханы” және “Ғұн-Чуваш-Болгар халқының батыры” құрметті атақтары берілді.
Осыдан кейін біздің жерлестеріміз Чувашия астанасы Чебоксары қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Чеш ауылындағы М.Юхма атындағы орта мектепте болып, осы мектептің педагогтары және оқушыларымен кездесу өткізіп, еліміз туралы және қазақ пен чуваш халықтарын байланыстыратын бауырластық байланыстар туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ, кездесуді ұйымдастырушылар Қазақстаннан келген қонақтарға Амазонка саябағын, түрлі түркі руларының таңбалары бейнеленген ежелгі балбалдар орнатылған “Чувашия” шипажайын көрсетті. Атап өтерлігі, Мұратхан Жамбылов осы стелладан Шапырашты руының таңбасын тауып, аталған екі халықтың ортақ туыстық байланысын тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.
Бұл республиканың тұрғындары ұлы Жамбылдың шығармашылығымен жақсы таныс екенін атап өткен жөн. Олар дала ақынының өлеңдерін оқып қана қоймай, оның ұрпағымен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, ақынның қалған мұрасына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, осы сапарды ұйымдастырушылар біздің жерлестерімізге жақын арада Чебоксары қаласының жаңа мектептерінің біріне Жамбыл Жабаевтың есімі берілетініне сендірді.
Жалпы, бұл сапар түркі халықтарының қазіргі уақытта өзін-өзі танудың, жан-жақты және бай мәдениеттің өзіндік ренессансын бастан кешіріп жатқанын, өздерінің керемет тарихына қызығушылық танытып, бірлігін сезінетіндігін көрсетті. Бұл – бауырлас чуваш пен қазақ халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға орасан зор үлес қосқан Никита Храмов сынды жанашыр азаматтардың еңбегінің арқасы.

Руслан Искаков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.