Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылып келеді, олар:
-әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;
-әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.
-оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды 55 түрі бар атаудан тұрады және мұқтаждығына қарай мүгедектігі бар азаматтар аталған оңалту іс-шараларымен қамтылып келеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу Қағидалары» 01.07.2023 жылдан бастап заңды күшіне енді, соған байланысты адамдарға куәландыру жүргізіледі, организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындайды. Аталған бұйрықта эксаумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде пилоттық жобамен сырттай және медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне адамдардың өздері келіп көзбе-көз куәландыру өтететін тәртіптері, мүгедектік тағайындау критериялары, жалпы еңбекке қабілетінен, кәсіби еңбекке қабілетінен айырылудың дәрежелерін анықтау, сараптамалық қорытындыға шағымдану жолдары қарастылған.
Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығы да 01.07.2023 жылдан бастап күшіне енді. Енді, психикалық бұзылушылықтары бар балалар қосалқы диагноздарымен медициналық көрсетілімдер негізінде тегін санаторлық -курорттық ем ала алады.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге, қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасайды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болады.
Е.Саметов,
№2 МӘС бөлімінің басшысы.