Тиісті шешімдер қабылданды
Сәрсенбі күні «Аmanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлімдер мен мекемелердің басшылары, өзге де жауапты мамандар қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп, қатысушыларды күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырды. Сондай-ақ редакциялық комиссияның құрамы бекітілді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Ауданның бюджеттік мекемелері, кәсіпорындары мен Шу қаласының көп қабатты үйлеріне жылу берудің барысы туралы» аудандық мәслихат төрағасы баяндама жасады.
Мұнда аудандағы бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындар және көп қабатты үйлердің жылу жүйелеріне жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер айтылды.
Мұнан кейін көтерілген мәселе бойынша аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Ж.Каликов, «Төле би мамандандырылған көп салалы кәсіпорны» КМК директоры А.Жапсарбаев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жазықбаева, «Шу-Жылу» КМК-ның директоры Р.Куккузовтер есеп берді.
Есеп берушілерге депутаттар мен өзге де қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Ал, күн тәртібіндегі төртінші, бесінші, алтыншы мәселелер – «Шу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ж.Нұрғалиев, «Шу ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 1 наурыздағы №10-7 шешіміне өзгерістер енгізу» бойынша аудан әкімінің бас инспекторы Е.Юлдашбаев, «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева хабарлама жасады.
Сессия барысында жалпы күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Динара Батырхаирова.