Жалпыға бірдей декларациялау
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, ол 4 кезеңде өтеді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты:
-әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
-жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
-сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
1 кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2021 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2020 жыл жағдайы бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырды:
-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық ҚРЗ және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚРЗ сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар.
2 кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2023 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2022 жыл жағдайы бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырды:
-Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары,
-квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.
3 кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны тапсыру 2024 жылдың салық кезеңіне, яғни 31.12.2023 жыл жағдайы бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырады:
-заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
-жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
4 кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларация халықтың қалған санаттарымен ұсынылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сонымен қатар шаруа қожалықтардың басшылары мен мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары және әрекетсіз және кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатқан тұлғалар да тапсыруға міндетті.
Сонымен қатар, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын (нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары) ұсынбайды.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі, яғни:
-шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
-шетелдік банктегі (1 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын ) 3 450 000 млн теңгеден жоғары ақша;
-шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
-бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
-үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
-инвестициялық алтын (құйма алтын);
-зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
-(10 000 айлық есептік көрсеткіш шегінде ) 34 500 000 млн теңге шегінде қолма-қол ақша;
-басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
-құны 3 450 000 млн теңгеден асатын басқа да мүлік (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) жеке тұлғаның (қалауы бойынша)
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның 3 кезеңі бойынша табыс ету мерзімі:
Қағаз тасығышта және электронды түрде 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша табыс етіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:
Электронды түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы.
Қағаз тасығышта – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошты арқылы табыс етуге құқылы.
«Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны тапсыру барысында туындаған сұрақтар бойынша, Төле би ауылы, Әубәкіров көшесі №32 үй мекенжайында орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау бойынша кеңес беру орталығына және көрсетілген байланыс телефондары арқылы мәліметтер алу-ларыңызға болады: 8 726 38 3-14-3; ұялы байланыс: 8-778-431-46-12; 8-775-795-91-55; 8-775-385-40-75.
Шу ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы.