Атқарылған іс аз емес, алдағы міндет те ауқымды
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысты.
Қайырлы күн, құрметті облыс тұрғындары,
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және
әлеуметтік желі қолданушылары!
2024 жылдың 4 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде жалпы оң динамика қалыптасты.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 10 289,6 млрд. теңге, НКИ 101,3 пайыз (2023 ж. – 7 532,1 млрд. теңге, НКИ 103,4 пайыз).
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 6 566,9 млрд. теңге, НКИ 101,5 пайыз (2023 жылы –6 245,5 млрд. теңге, НКИ 101,8 пайыз).
Инвестиция көлемі – 17 840,2 млрд теңге, НКИ 125 пайыз, (2023 ж – 14 202,5 млрд.теңге, НКИ 361,3 пайыз).
Құрылыс жұмыстары – 9 660,3 млрд.теңге, НКИ 92,1 пайыз, (2023 ж – 10 330,3 млрд.теңге НКИ 381 пайыз).
Тұрғын үй көлемі – 8732 ш.м. НКИ 101,4 пайыз, (2023 жылы –8609 м2, НКИ 114,5 пайыз).
Сауда айналымы – 9 993,3 млрд теңге, НКИ 128,1 пайыз, (2023 жылы –7 800,9 млрд, теңге, НКИ 137,9 пайыз).
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд. теңгеге несиелендірілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, кооператив мүшелері үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерлерді игеру мақсатында 104,0 млн.теңге айналым қаражат алып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде.
Сонымен қатар, 452,1 млн.теңгеге 49 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім беріп, 40 дана техникасы жеткізілді. Алдағы уақытта 9 дана техника кооператив төрағаларына ұсынылатын болады.
705 ауыл тұрғыны 3,6 млрд.теңгеге 21 394 бас мал сатып алған. (МІҚ – 2168 бас, жылқы – 1093 бас, қой – 18 133 бас).
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 адам 34,6 млн.теңгеге несие алып, жұмыс жасауда.
Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны осы елді мекендерде 175 тен 32-ге яғни 81,8 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейі артуда.
Ал, ағымдағы жылы Шу ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5-ші бағытын, яғни кәсіпкерлікті дамыту мақсатын Шу қаласы мен 18 ауылдық округте іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге 96 өтінім (құны 746,8 млн теңге) жинақталып, тиісті жұмыстар жүргізудеміз.
Жайылым
Ағымдағы жылы жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 20,0 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталып отыр. Мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша аудандық босалқы жер қорынан қосымша 21,0 мың гектар жайылымдық жер учаскелері (Шоқпар-5000 га, Бірлік-2000 га, Жаңақоғам-5000 га, Далақайнар-4000 га, Өндіріс-5000 га) жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды қабылданып, жылдың соңына дейін бекітіп берілетін болады (2024 жыл).
2024 жылы жоспарға сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 10 000 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге 3 653,0 гектар жер қайтарылды. (1500 гектар егістік, 2153 гектар жайылымдық).
Жыл басынан бері 13 шаруа қожалығының игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 139,0 гектар жайылымдық жері анықталды, яғни мал басы саны тіркелмеген. Оның бесеуі ірі шаруа қожалықтың жері (107,0 гектар), қалғаны 8 шағын шаруа қожалықтарына тиесілі (32,0 гектар).
Жер телімдерін игермеген шаруа қожалықтары бойынша ҚР заңнамаларына сәйкес шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқарылуда.
Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаментіне 7 шаруа қожалықтың игерілмей жатқан жалпы көлемі 42,0 гектарды құрайтын жерлері бойынша шара қолдану үшін хат жолданды. Нәтижесінде 3 шаруа қожалық иесіне ескерту жасалып, 4 шаруа қожалық жұмысына қатысты тексеріс ашылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Каналдарды жөндеу
Жалпы ауданда 94 канал бар (3 магистралды, 91 шаруашылық канал).
1. ПУИД-2 жобасы аясында 16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар.
(«Туннель Садд Ариана» компаниясы 2022 жылғы 4 ақпаннан жұмыстар атқаруда.)
Оң жағалаудағы магистралды канал бойындағы 9 каналдың жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2025 жылға жұмыс жасайтын боламыз.
2. Су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында аудан аумағындағы жалпы 80 каналға ЖСҚ әзірленді. Оның ішінде 31 канал (3 млрд 110,3 млн.тг.) республикалық меншікке өткізілді. Далақайнар елді мекені аумағындағы 4 каналдың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, 2-кезеңдегі 45 канал (178,0 млн. тг.). Су ресурстары және ирригация Министрлігіне бюджеттік өтінім берілді. Нәтижесінде, 2026 жылдың соңына дейін барлық каналдарды жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Тұрғын үй
Бүгінгі таңда Шу ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй мәселесі. Қазіргі уақытта ауданда тұрғын үй кезегіне 1747 адам тіркелген. (Жетім балалар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар). Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген. Тек 2018 жылы Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданында бос тұрған 75 пәтерлік тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Аталған аудандағы қалған бос тұрған 4 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті кәсіпкермен келіссөз жүргізілді. Сейсмикалық сараптамадан өткізіп, аудан тұрғындарына қолданысқа беру жұмыстары жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі – тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.
Одан бөлек, өткен жылы, тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса (576 млн.теңге), ағымдағы жылы 100 азаматқа (1 421,0 млрд.теңге) баспана кілтін табыстау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Шу қаласы «Жетісу» тұрғын аумағында 80 пəтерлі (құны 1 692,5 млрд.теңге) тұрғын үйдің құрылысы бастау алды. 5 қабатты, 80 пәтерлік 2 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайын. Бюджеттік өтінім ұсынылған («Жетісу» ықшам ауданынан, 3,8 млрд.). Аталған жоба қолдау тапса, 160 азамат тұрғын үймен қамтылатын болады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіндегі 180 азамат баспаналы болады деп жоспарлануда.
Жалпы ауданда 142 көппәтерлі үй бар. 2023 жылы облыстық бюджеттен 167,0 млн. теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 10 КПТҮ-ге модернизация бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ауыз су
Ауданда 35 елді мекеннің 27-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 74,3 пайызды құрайды.
Олар Шу қаласы, Төле би, Абай, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Белбасар, Жаңа жол, Бәйдібек, Тасөткел, Бірлік, Далақайнар, Қонаев, Мойынқұм, Шоқпар ст, Аспара, Құмөзек, Жиделі, Еспе бекеттері, Көкқайнар, Еңбекші, Көкжиек, Құлақшын, Алайғыр, Ақтөбе. Бүгінгі күнге 8 елді мекен (Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Бөлтірік, Жиенбет, Жайсан, Көктөбе, Шоқпар, Сауытбек) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Өткен жылы Көктөбе, Сауытбек, Бөлтірік елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.
Ал, Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылдарын ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 2 094,7 мың теңге), қолдау тапты. Бүгінгі күнге Тасөткел су қоймасы мен Жайсан ауылдарында су шығару имараттарының құрылысы бастау алған. Қалған Шоқпар ауылының ЖСҚ-сы әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған (РБ). Қолдау тапқан жағдайда, ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, Шу қаласы, «Қант зауыты» мөлтек ауданы және Төле би ауылының сол жақ беткейін ауыз сумен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады.
2025 жылға дейін елді мекендерді ауыз сумен қамту жүз пайызға орындалады деп күтілуде. Дегенмен, ауыз суға қатысты шешімін табуды қажет ететін мәселелер де бар.
Шу қаласында жалпы ауыз су жүйесінің ұзындығы 169,3 шақырымды, кәріз су жүйесінің ұзындығы 54,7 шақырымды құрайды. Осы су жүйелеріне «Ауызсу-Шу» КМК мен «Теміржолсу-Алматы» ЖШС қызмет көрсеткен. Өткен жылы «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-нен өзіміздің теңгерімге алдық.
Қазіргі таңда су мен кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанымен, құбырлар ескірген. Инфрақұрылым бойынша теңгерімге алған себебіміздің басты мақсаты болашақта қаланың барлық су, кәріз құбырларын жаңарту болып табылады. Қала бойынша су құбырлары мен кәріздер жүйесі нысандарына күрделі жөндеулер керек. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар ішінара жасалып келген. Қаланы көркейтіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуымыз маңызды. Қазіргі таңда біздің жоспарымыз өте көп. Құжаттардың барлығы ретке келтірілген соң, бірден тарифті сәйкестендіру, мекемеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаруға лицензия алу жоспарда бар.
Газ мәселесі
Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 немесе 51,42 пайызды құрайды.
Қамтылған 18 елді мекен – Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек, Жайсан, Тасөткел с.қ., Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Тасөткел.
Құбыры тартылған 5 елді мекен – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Аспара. Қалған 6 елді мекен – Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар. Шоқпар станциясының ішкі жүйесіне ЖСҚ әзірленуде.
6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз деп танылды. Өйткені, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200) разъезі, Құмөзек (116) стансасы, Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134).
Сондай-ақ, өткен жылы ауданда жалпы 14 әлеуметтік нысанды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілді. Оның 12-і білім нысандары, 1-і көппәтерлі тұрғын үй (75 пәтер) және бұрынғы «СПТУ-24» оқу мекемесінің жатақханасы. Жалпы қаражат көлемі 831,5 млн теңге.
Ағымдағы жылға 3 медициналық нысанды (Көктөбе, құны – 3,7 млн; Белбасар, құны 8,9 млн; Бірлік, құны – 13,0 млн) газға қосу жұмыстарын жүргізуге дайынбыз. Алайда, Қонаев ауылында АГТС құрылысы аяқталмай, газға қосу жұмыстары толық жүргізілмейтінін ескерген жөн.
Білім
Ауданда 114 білім мекемесі бар (47 мектеп, 37 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-23, жеке мекшік-14), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).
2023 жылы 5 жаңа мектеп салынып, 4 жапсарлас құрылыс жүргізіліп, 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленді.
Жаңа құрылыстар: Жиенбет ауылындағы 100 орындық мектеп, Жайсан ауылындағы 120 орындық мектеп, Көктөбе ауылындағы 120 орындық мектеп, Шу қаласындағы 600 орындық 2 жайлы мектеп.
Жапсарлас құрылыс: Шу қаласы, Ғ.Мұратбаев мектебі, Төле би ауылы, С.Шәкіров атындағы орта мектеп, Шоқпар ауылы, М.Х.Дулати атындағы орта мектеп, Еңбекші ауылы, Еңбекші орта мектебі.
Күрделі жөндеу: Шу қаласы, Макаренко атындағы о.м (574,4 млн), Абай ауылы, Абай о.м. (368,6 млн), Көкқайнар ауылы, С.Естемесов о.м. (423,8 млн), Мойынқұм ауылы, Мойынқұм о.м. (665,7 млн.), Тасөткел ауылы, Ш.Мұртаза о.м. (420,3 млн). Нәтижесінде, 2024 жылға 1 жаңа құрылыс (Жиенбет ауылы, 100 орындық мектеп), 4 жапсарлас құрылыс (Шу қ. Ғ. Мұратбаев, Төле би а. С.Шәкіров, Шоқпар а. М.Дулати, Еңбекші а. Еңбекші орта мектептері), 2 күрделі жөндеу (Шу қ. Макаренко о.м. (574,4 млн), Тасөткел а. Ш.Мұртаза о.м 359,6 млн қолдау тауып, бүгінгі күнге мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары бастау алуда.
Одан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда инфрақұрылымын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама-ларын әзірлеудеміз.
Шу қаласы, «Жанкулиев» (3,3 га) және «Тоғай» тұрғын аумақтарында (2,4 га) 600 орындық екі жайлы мектептің құрылыстары басталады.
Мәдениет
Бүгінгі таңда ауданымызда 48 мәдени ошақ бар (21 мәдениет үйі мен клубтар, 25 кітапхана, 1 мұражай, 1 мұрағат). 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 5 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол). Осы 7 жобаның барлығы құрылысты қажет етеді.
Өткен жылы Абай ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (256,9 млн.). Бүгінгі күнге жалпы 5 жоба (сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, жобаның жарамдылық мерзімі 1 жыл) дайын. Олар Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол Белбасар, Ақтөбе елді мекендеріне қатысты. Оның ішінде жүзеге асырылып жатқаны Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысы бастау алды (құны 373,6 млн. Аяқталуы 2025 жыл).
Спорт
Ауданда 5 спорт мекемесі бар (4 балалар жасөспірімдер спорт мектебі,1 бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы). Ағымдағы жылы 6 жоба (Шу қаласы – 5, Төле би ауылы – 1) аясында заманауи үлгіде балалар ойын алаңшалары салынатын болады. 7 жоба бойынша спорт нысандарының ЖСҚ-ы дайын (құны 2,8 млрд. Шу қ-2, Жаңа жол, Бірлік, Ақтөбе, Көктөбе, Шоқпар).
Сонымен қатар, Балуан Шолақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер есебінен (құны 180 млн.теңге) спорт нысаны бой көтеруде. Көлемі 800 шаршы метр, сыйымдылығы 80 адам (күрес, баскетбол, волейбол, футбол ойнауға мүмкіндік бар). Сондай-ақ, Бірлік ауылы және Шу қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 2 ангар типтес спорт кешенінің құрылысы бастау алуда (құны 341 млн).
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен 2023-2024 жылдар аралығында Шоқпар, Бірлікүстем, Бірлік, Д.Қонаев ауылдарында демеушілік қаражат есебінен балаларға арналған жалпы құны 303,0 млн. теңгені құрайтын стрит воркаут, футбол және баскетбол алаңдарының құрылыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың шілде айына дейін пайдалануға беру жоспарда. Сонымен қатар, аталған серіктестікпен Көкқайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 264,0 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде-қараша айларында жүргізу жоспарлануда.
Жолдар
Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым. Облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым. Аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырым. Ішкі көше жолдары 543 шақырым.
2024 жылы 24 жоба аясында (73 көше) 53 шақырымдық жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар 17 жолдың 4 жолына (10 шақырым) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Анықтама үшін:
Жайсан ауылына кіреберіс (1,11 шқ, жоба құны 45 998,0 мың теңге).
Бірлік ауылына кіреберіс (1,54 шқ, жоба құны 63 948,0 мың теңге).
Тасөткел ауылына кіреберіс (4,20 шқ, жоба құны 163 094,2 мың теңге).
Балуан Шолақ-Бөлтірік-Ақтасты ауылына кіреберіс (4,12 шқ, жоба құны 163 688,3 мың теңге).
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 11 жоба аясында жалпы ұзындығы 26 шқ жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде (жоба құны 834,7 млн). Бүгінгі күнге Ақтөбе, Көкқайнар, Ескі-Шу ауылдарында жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ аудандық бюджеттен қаражат қарастырылып, Шу қаласы (5 жоба, 23 көше) мен Жаңақоғам, Далақайнар, Тасөткел, Мойынқұм, Төле би ауылдарының жалпы ұзындығы 23 шқ ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бүгінгі күнге Шу қаласы, Жаңақоғам, Мойынқұм ауылдарында жөндеу жұмыстары басталды. Шу қаласында ұзындығы 204,2 шақырымды құрайтын, жалпы саны 313 көше болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны – 164 көше немесе 52 пайыз (асфальтталғаны 149 көше немесе 48 пайыз). Ағымдағы жылы ұзындығы 13,5 шақырым болатын 23 көшені жөндеу жұмыстары басталды.
Келесі мәселе Шу қаласы, «Батыс» мөлтек ауданындағы кәрізге қатысты. Жалпы ауданы 47 га болатын Шу қаласының сүзу алаңдары «Батыс» мөлтек ауданына жақын орналасқандықтан (шамамен 100 метр), жергілікті тұрғындар жағымсыз иіс шығуына наразылықтарын білдіруде. Қолданыстағы кәріз жүйесі шамадан тыс жүктелген апаттық режимде жұмыс істейді, экологиялық талаптарға жауап бермейді. (Сүзу өрістері іс жүзінде биологиялық тоғандар ретінде жұмыс істейді). Мәселені шешу мақсатында Шу қаласының кәріз және шайынды су жүйелерін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды («Батыс» мөлтек ауданынан 11 шақырым жерде. құны 15 млрд). Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
Балалар ойын алаңшасы мен стрит
воркауттар
2023 жылы жалпы сомасы 52,2 млн теңгені құрайтын 4 орынға заманауи балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орнатылды. Сонымен қатар, «Жібек жолы» мектеп лицейінің маңына (құны 14,3 млн) 1 воллейбол-баскетбол алаңшасы орнатылды.
Ағымдағы жылызаман талабына сай 6 балалар ойын алаңшасы салынатын болады (құны 116 млн. теңге).
Қаланы абаттандыру және
көгалдандыру
Өткен жылы Шу қаласы бойынша С.Шәкіров ескерткішіне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы «Теміржолшылар» саябағына аббаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, бірқатар жобаларға ЖСҚ әзірленуде. Атап айтқанда, Қасымхан көшесі бойындағы саябақ, Жеңіс саябағы т.б.
Сондай-ақ, теміржол вокзалы ғимаратын және аумағын жөндеу мәселесі де өзекті. Негізгі ғимараттар «Қазақстан ТЖ» АҚ-ң теңгерімінде болғанымен, вокзалға іргелес жерлер қала аумағына кіреді. Бұл аумақтарды жөндеу және абаттандыру мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар. ҚТЖ басшылығымен келіссөздер жүргізудеміз.
Сонымен қатар, Сәтбаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстарына биылғы жылы ЖСҚ әзірленіп, 2024-2025 жылдары аталған жұмыстарды іске асыруды жоспарлап отырмыз.