Ақпараттық портал

Бірлескен жұмыс берекелі

Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін әрі дамыған елдердің қатарына ену үшін елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында мемлекеттік институттардың мәртебесі мен рөлі едәуір артуда. Оның айғағы, елімізде Конституциялық сот жұмыс істей бастады.
Президенттің құзырына кіретін бірқатар мәселелер алынып, Парламентке беріліп және Үкіметтің атқарған жұмысының есебін тыңдауға Парламенттің құзыреті кеңейтілді.
Аралас сайлау жүйесі он жеті жылдан кейін қайта енгізілді және сайлау бюллетеніне «Бәріне де қарсымын» деген графа енгізіліп, сайлау жүйесі жетілдірілді, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді.

Нәтижиесінде, былтырғы жылдың наурыз айында өткен Мәжіліс және барлық денгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында алты партияның өкілдері депутаттық мандатқа ие болды. Елімізде 2021 жылдан бастап ауыл әкімдері тікелей сайланатын болды. Өткен жылы пилоттық режимде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы тікелей сайлаушылардың қатысуымен өтті. Келесі жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы тұрақты түрде өтетін болады. Бұл – саяси шешім, елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруда және жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуына ықпал етері сөзсіз.
Бүгінде елімізде саяси, экономикалық және басқа салаларда жүргізіліп жатқан оң өзгерістер мен кейбір проблемаларды көпшіліктің назарына жеткізе отырып, қоғамның талқысына ұсыну өте орынды. Сондықтан күні кеше ғана өткен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ел қамын ойлаған азаматтармен тікелей форматта кездесіп, сайлау саласындағы ортақ істерімізді саралап, жүйелеп алу мақсатында кездесу ұйымдастырдық. Өйткені бірлесіп қызмет көрсететін ортамыз бір, барлық сайлаушылар белсенді дауыс беру құқығына ие азаматтар әрі өзіміздің өңірдің тұрғындары. Газет-журнал, телерадио арнасының көрермен тыңдаушылары, әлеуметтік желінің пайдаланушылары біздің қызметіміздің тұтынушылары болып табылады.
Басты мақсат – өңірде өткізіліп жатқан сайлаудың саяси мәнін және сайлау науқандарының ресми ақпаратын бұқараға обьективті түрде тиімді етіп жеткізе отырып, сайлау туралы қоғамда оң пікір қалыптастырып,сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыру.
Жалпы дүниежүзілік сайлау жүйесінің негізгі қағидаты азаматтардың демократиялық жолмен дауыс беру арқылы билікке қолжетімділігін арттыру. Қазіргі таңда сайлаушылардың сайлауға қатысу белсенділігі, бүкіл дүние жүзінде байқалуда. Мәселен, АҚШ мемлекетінің «Фридом Хоус» үкіметтік емес ұйымының ресми есебіне сүйенсек, биылғы жылдың өзінде әлемдегі 4,2 миллиард тұрғынды қамтитын 76 мемлекетте демократиялық сайлаулар өтеді деп күтілуде. Оның 10-ы алпауыт мемлекеттер – АҚШ, Индия, Индонезия, Пәкістан, Бразилия, Бангладеш, Ресей және Мексика елдерінде өтеді екен.
Жалпы, сайлаушылардың дауыс беру күнгі белсенділіктері – олардың демократиялық таңдау жасаудағы алғашқы қадамдары болып табылады. Өз кезегінде, әр мемлекеттің сайлау жүйесінде геосаяси тұрғыда ерекшеліктер бар. Мәселен, Әзірбайжан мемлекетінде өткен Президент сайлауына халықаралық байқаушы ретінде мен қатысып қайттым. Әзірбайжанда Президент сайлауы кезектілігі бойынша 9 рет өткізілсе, кезектен тыс 2 рет өткізіліп отыр. Бұл мемлекетте сайлау күні-сәрсенбі және бұл күн демалыс күні болып белгіленген. Жалпы, дауыс беруге 82,09 пайыз сайлаушы қатысқан.
Ал, Ресей Федерациясында Президент сайлауында дауыс беру мерзімі 3 күндік марафонға ұласқан және сайлаушыларды ақпараттандыру мен сайлауға қатысуға шақыру шаралары белсенді форматқа көшкен. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардың даму серпіні ерекше көзге түседі. Онда орталық телерадио кешендері мен әлеуметтік желілер арқылы жүйелі жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде, сайлауға қатысушылар пайызы 77,49 пайызды құраған. Ресейдің ресми ақпараттарына сүйенсек, бұл сегізінші Президент сайлауында рекордтық сайлауға қатысушылар пайызы қамтамасыз етілген.
Біздің мемлекетімізде 2022 жылы өткен Президент сайлауында қатысқан сайлаушылар пайызы 69,44 пайызды құраған болатын. Ал мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде сайлаушылардың белсенділігі 65,21 пайызды құрады. Ал биылғы жылы өткен ауыл әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың қатысуы 52 пайызды құрады. Аталған статистикаға қарасақ, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі төмендегенін байқаймыз. Еріксіз “неге?” деген сұрақ туындайды. Жоғарыда атап өткенімдей, республикалық деңгейде өтетін сайлауларда сайлаушылар белсенділігі жоғары болу себебі Республикадағы барлық саяси күштер бірігіп жұмыс жасайды.
Ал жергілікті жерде өкізілетін сайлауларда сайлаушылардың белсенділігінің төмендеуінің бірден-бір себебі, кандидат ұсынған саяси партиялардың, кандидаттардың өздерінің және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен (жеке кездесулер өткізу жолдары төмен) үгіт-насихат жұмыстарының бәсең жүргізгендігінен және сайлаушылармен жұмыс барысында медиакоммуникациялық алаңның жаңа форматтарын (онлайн-платформалар) тиімді пайдалана алмауында болып отыр. Сол сияқты саяси партиялардың заңмен айқындалған өкілеттіктерін пайдалануда тәжірибелерінің жетіспеушілігі байқалады.
Ал, сайлау процесі кезінде, жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі, тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болғанымен, ашығын айтсақ, бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың пәрменділігі төмен.
Осыған орай, үстіміздегі жылдың мамыр айының 23 жұлдызында Облыстық сайлау комиссиясымен жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласын басқаратын аудан, қала әкімдерінің орынбасарларымен бөлім басшыларына, облыстағы барлық саяси партиялар филиалдарының басшыларына, аудандардағы өкілдеріне арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Кеңес барысында сайлау процесін даярлау мен өткізу кезіндегі саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының нәтижелілігі қаралды.
Сайлау процесі кезінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі-тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, бәсекелестік призмасы арқылы сайлаудың қоғамдағы саяси орны мен заңдылығын көрсету мәселесі талқыланды.
Еліміздегі саяси партиялар өздері туралы заңға сәйкес, өздеріне берілген өкілеттікті сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында қаншалықты тиімді атқарып отырғандығы сарапталды.
Сол сияқты барлық денгейдегі сайлау комиссияларының сайлау процесіне қатысушы өкілетті мемлекеттік органдармен қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстары сараланды.
Бір сөзбен айтқанда, бұл кездесуде мемлекеттік органдармен қоғам арасында сапалы диалог орнату мәселелері қаралып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нәтижесінде сайлау жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы халыққа жылдам, бейтарап және толық ақпаратты жеткізе отырып, өңірімізде сайлау туралы оң пікір қалыптастырып, сайлаушылардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде АСК кандидаттыққа үміткер азаматтарға және кандидаттарға сайлау процесі кезінде олардың жұмыстарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру үшін консультациялар беріп, методикалық көмектер көрсетуде.
Осы бағытта ағымдағы жылдың 8-29 сәуір аралығында облыс бойынша барлық аудандар мен Тараз қаласындағы жаңадан сайланған сайлау комиссиялары мүшелерімен оқыту-семинарлары өтті.
Біз сайлау процесі кезінде әлеуметтік желілерді пайдалануда сайлаушыларды ақпараттандыру, желіге арналған қысқа әрі түсінікті ақпаратты даярлауда сайлау комиссияларының мүшелерінің және сайлау процесін даярлауға қатысушы тараптардың медиа сауаттылығының жетіспейтіндігін мойындауымыз керек.
Сондықтан, олардың сандық технологияларды меңгеруге бағытталған білімдерін көтеру мақсатында нақты жұмыстар жасауымыз керек.
Осы тұрғыда дүние жүзінде жылдам дамып келе жатқан медиа-ланшафтында сіздермен білім-тәжірбие алмасу, алдағы тұрған мәселелерді бірге еңсеру біз үшін өте қажет.
Себебі БАҚ-ның орнын медиакоммуникация басуда. Оның ерекшелігі бұрын БАҚ арқылы ақпарат жоғарыдан төмен қарай тараса, қазір ол төменнен жоғары қарай тарайды.
БАҚ пен медиа кеңістігіне ақпаратты жеткізу, тарату үдерісінде, талдамалық үндеуде, сын айтуда, даулы жағдайда жедел әрекет етудің аса маңызды екенін ескере отырып, сіздермен жұмысты ұйымдастыру жолдарын қарастыруымыз қажет.
Жалпы, ақпаратты теріс түсіндіру-өте қауіпті іс. Мысалы, сайлау туралы заңды бұзушылықа жол берілген жағдайда арнайы берілген ақпартқа кері пікірлер қалыптастыруға әуес жандар жоқ емес.
Бұндай фактілер бізде Мәжіліс және масихат сайлауын даярлап өткізу кезінде орын алды.
Сондықтан біздер ақпарат саласында бірлесіп, сайлаудың ашықтығымен тазалығын қамтамасыз ету, түрлі жалған ақпаратпен фейк ақпаратпен бірлесіп күресу бағытындада жұмыс жүргізуіміз керек.
Ол үшін сіздер мен біздің алдымызда сайлау тақырыбына арнайы контенттер жасау, телеарналар тек теледидарда ғана емес, әлеуметтік желілердің барлық цифрлық желісін пайдаланатын конвергентті журналистиканы сол сияқты интернет-теледидарды дамыта отырып, ол арқылы мемлекеттік саясаттың мессенджерін жеткізіп, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері тұр.
Мемлекет пен қоғамның арасында «алтын көпір» болып жүрген журналистер мен медиа саласының қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Сіздердің еңбек етіп жүрген масс-медиа саласын жүйелі түрде жетілдіру мақсатында елімізде «Масс-медиа туралы» жаңа Заң қабылданды.
Заңның ерекшелігі, БАҚ-пен қатар интернет-ресурстарды да қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді.
Онда Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді.
Бүгінде Президент Қ.К.Тоқаев мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім Әділетті Қазақстаннның берік іргетасына айналуы керектігін алға тартып отыр. Сіздерге осындай ортақ мүдденің биігінен көріне беріңіздер дегім келеді.

Серғали Айдапкелов,
облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.