Ақпараттық портал

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы…

Үйірме – барлық өнердің бастауы. Жас жеткіншектің интеллектуалды дамып, кәсіби шыңдалуына, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына үйірмелердің тигізер үлесі ерекше. Өнер адамның дұниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдердің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді.
Осы орайда, жуырда Бірлік ауылдық клубында Бірлік, Мойынқұм, Ақтөбе ауылдық клубтарының жанынан құрылған үйірмелердің «Үйірме – өнер бастауы – 2024» атты жарты жылдық есеп беру концерті болып өтті. Аталған концерттік бағдарламаға Бірлік ауылдық клубының жанынан құрылған төрт үйірме, Мойынқұм ауылынан бір үйірме және Ақтөбе ауылынан бір үйірме қатысып, үйірмелер түгел қамтылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – ауылымыздың дарынды, талантты балаларына қолдау көрсетіп, олардың өнерлерін шыңдап, сахнаға шығару, көпшілікке танымал ету.
Шараға аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Көпбосынова Маржан Амангелдіқызы, аудандық мәдениет үйінің әртісі Елдос Мамықбай және аудандық мәдениет үйінің әншісі Базаралы Мейіржан Қайратұлы қатысып, өнерпаздар мен тәлімгерлерге шығармашылық табыс тілеп, ұсыныстарын білдірді.

Н.Сейсенбаева,
Бірлік ауылдық клубының меңгерушісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.