Ақпараттық портал

Сауапты істен құр қалмайық!

Шу ауданының білім бөлімі жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін республикалық “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлайды.
Акция аясында жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету арқылы баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алады. Сондай-ақ, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да назардан тыс қалмайды.
Қоғамда азаматтардың әлеуметтік мәртебесі тең емес. Әйтсе де өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуы үшін толыққанды жағдай жасау-мемлекетке артылған жүк.
Осыған орай, жер-жерде “Мектепке жол” республикалық акциясы жүзеге асырылады. Жыл сайын игі акцияға халық қалаулылары, меценаттар, жеке кәсіпкерлер, еріктілер, жалпы айтқанда жаны жомарт жандар атсалысады.
“Туған жерге туыңды тік” демекші, ауданның абыройын ойлайтын әр азамат ең алдымен артынан ілескен кейінгі буынның кем-кетігін түгендеумен айналысатыны сөзсіз.
“Қуанса, бала қуансын” деген қағиданы ұстанған текті еліміз бала болашағы үшін жасалатын қайырымды істен қалыс қалмайтыны ақиқат.
Сондықтан да ауданның жанашыр азаматтарын “Мектепке жол” акциясына бір кісідей атсалысып, қолдау білдіруге шақырамыз.
Сіз бір қалам алып берген бүгінгі бала шәкірт келешекте қарымды қаламгер болмасына кім кепіл?! Ендеше сауапты іске самалдай есіліп, тұлпардай көсіліп, жақсы іске жол салайық!
Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. “Мектепке жол” акциясы бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса төмендегі нөмірге хабарласуыңызға болады.
87029846789 Шолпан Анапиянова
87473201420 Айғаным Асқарбек
Акция аясында сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылатынын да ескертеміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.