Ақпараттық портал

Қоғамдық дертпен күрес бәсеңсімейді

Бүгінде ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Өкінішке қарай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасын да айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Сондықтан да қоғамды жайпап отқан жегі құртпен күресу – күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Осыған орай Шу аудандық орталық ауруханасында заңгер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің басшысы Беймбетова Жанаткүл Бағзатқызының ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Бас дәрігердің орынбасары, комплаенс-қызмет басшысына резерв және комплаенс-қызметіне жауапты Жолдасов Нұрбол Ошанбайұлының қатысуымен өткен жиынға аудандық орталық аурухана жанындағы диагностикалық зерттеу емханасының дәрігерлері мен мейірбикелері қатысты.
Жиында ең алдымен еліміз 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде қабылдаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы түсіндірілді. Яғни «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілгені белгілі.
Сондай-ақ, қызметкерлерге Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік–құқықтық актілер қабылданғанын да атап өтті. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жататынын, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болатынын ескертті.
Бұған қоса Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15 тарауында Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар үшін әртүрлі жазалар қарастырылған. ҚР ҚК 361 бабына сәйкес, Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, 2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу немесе шектеу жазалары қолданылады. ҚР ҚК 366 бабына сәйкес, пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу жазалары қолданылады. Міне, осының барлығы әрбір азаматтың жадында жүруі тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Аудандық орталық аурухана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.