Ақпараттық портал

Жерлестер жеңісі

Спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Әсіресе, кеңседе жұмыс істейтін жандар үшін әсері бөлек. Мұны шулық мемлекеттік қызметшілер жете түсініп, спортты жанына серік етіп келеді. Тіпті, елеулі жетістіктерге де қол жеткізіп жүр.
Соның айқын мысалы – Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында кіші футболдан «JAMBYL QYZMET CUP» облыстық турнирі.
Қазыналы Қаратауға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков әріптестерін бастап барып, командаластарымен бірге тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде, жерлестеріміз турнирдың күміс жүлдегері атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Бірінші орынды Жамбыл облысы әкімінің аппараты мен Талас ауданының құрамасы еншілесе, үздік үштікті сарысулықтар алды. Төрттікті Жуалы ауданының құрамасы түйіндеді.
Өзара мықтыларды анықтаған доп додасына облысымыздың әр өңірінен адуынды командалар қатысқанын атап өткен жөн. Тыңғылықты дайындықпен барып, топ жарған жерлестеріміз арнайы сертификатқа, бағалы сыйлықтар мен медальдарға ие болды.
Қызметте де, спортта да өздерін оң қырынан көрсетіп жүрген шулық мемлекеттік қызметшілерді мерейлі жеңістерімен біз де құттықтаймыз!

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.