Ақпараттық портал

Қысқы кезеңге және су тасқынына дайындық тексерілді

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Оған министрлік өкілдері, облыс және қала әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе: келесі жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық, жеке сектордағы жылу беру маусымы, коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы қаралды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлердің 2025 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығына тексеру жүргізілді.
Бүгінгі таңда өңірлерде 122,6 шақырым дренаж жүйесі салынып, жөнделді, 1545 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, 1270 шақырым канал мен 21 069 шақырым арық тазартылды, 101 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар тексеру нәтижелері бірқатар облыста өзен арнасы жағалауын нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар әлі аяқталмағанын көрсетті. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 84 елді мекенінде күрделі құрылыс, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізілуде.
«Өңір әкімді күздің соңына дейін елді мекендердің айналасына топырақ үю, су бұру арналарын тазарту және өзендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуі қажет», — деп тапсырды Премьер-Министрдің орынбасары.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.