Ақпараттық портал

Атқарылған іс аз емес, алдағы міндет те ауқымды

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков
өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысты

Ағымдағы жылдағы 9 айдың қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты:
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 25,8 млрд теңге немесе 101,8 пайыз (2023 ж. – 17,8 млрд теңге, НКИ 100,5 пайыз).
Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 50,4 млрд теңге немесе 66,6 пайыз (2023 жылы –81,4 млрд теңге, НКИ 94,0 пайыз).
Инвестиция көлемі – 47,1 млрд теңге немесе 94,5 пайыз, (2023 ж. – 48,5 млрд теңге, НКИ 140,5 пайыз).
Құрылыс жұмыстары – 30,8 млрд теңге немесе 68,6 пайыз, (2023 ж. – 40,1 млрд теңге НКИ 136,2 пайыз).
Тұрғын үй көлемі – 24 920 шаршы метр немесе 102,5 пайыз, (2023 жылы –23 687 м2, НКИ 101,1 пайыз).
Сауда айналымы – 19,5 млрд теңге немесе 109,5 пайыз, (2023 жылы –16,9 млрд, НКИ 119,5 пайыз).
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі бойынша 12,2 млрд. теңге түсіп, 106,8 пайызға орындалды (2023 жылы 17,8 млрд. тг, 116,4 пайыз).
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша 10,7 млрд теңге немесе 94,6 пайызға орындалды.
Орындалмай отырған көрсеткіштерге келер болсақ, өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі жалпы орындалғанымен, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,1 млрд теңге немесе 54,0 пайыз (2023 жылғы қаңтар-қыркүйек 8,0 млрд тг.) орындалған, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға төмендеген. Себебі, «Хим-ПЛЮС» ЖШС 2023 жылы 132,9 млн теңгеге 37,4 тн гербицид өнімін өндірсе, ағымдағы жылдың тиісті кезеңінде тапсырыстың болмауына байланысты өнім өндірілмеген.
«Каз-Ир Агро» ЖШС-де қаңтар-ақпан айларында жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізілгеніне байланысты өнім шығару уақытша тоқтатылып, сәуір айында іске қосылды. Ағымдағы жылы өндірілген өнім көлемі 470,0 тоннаны құрайды. 2023 жылдың 9 айында 929,5 тн мақсары майын және 61 тн күнбағыс майын өндірген.
«Шу локомотив жөндеу зауыты» ЖШС-де қызметтер көлемі 1,8 пайызға қысқарды (2023 ж. – 2,1 млрд теңге, 2024 ж.- 2,0 млрд теңге).
2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 929,5 тонна мақсары майы және 61 тонна күнбағыс майы өндірілген. Жыл қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.
Шешімі: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің жаңа кен байыту фабрикасы іске қосылып, жобаның қуаттылығы айына 100 мың тонна мыс кенін өңдеуді құрайды. Сонымен қатар, «Элнур Адил Групп» ЖШС-де макарон өнімдерін өндіру фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Жылдық қуаттылығы 8000 тонна өнімді құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 47,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 94,5 пайызды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайыз немесе 1,3 млрд теңгеге кем орындалды (2023 ж – 48,5 млрд тг). Оның ішінде, жеке инвестиция көлемі 39,1 млрд.теңге немесе 91,1 пайыз (2023 ж. 42,1 млрд НКИ 159,4 пайыз). Себебі, «Қазақмыс Корпорациясы» Шатыркөл-Жайсан кластеріндегі жаңа байыту фабрикасының құрылысына 2023 жылдың 9 айына 30,0 млрд теңге инвестиция салынған, ағымдағы жылы 21,5 млрд теңге инвестиция салынған.
Шешімі: Жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін ауданда іске асырылып жатқан төмендегі 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы бекітілген межеге жеткізу жоспарлануда:
1. «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ Жамбыл облыстық филиалы – 1,0 млрд.
2. «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» – 3,0 млрд.
3. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – 6,0 млрд тг.
4. «JVictorNewEnergy» ЖШС – кремний өндірісі жобасы –6,0 млрд.
5. ТОО «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» сутегі асқын тотығын (пероксид водорода) өндіру жобасы – болжам 1,5 млрд тг.
6. «Zhambyl Minerals» ЖШС – 2,0 млрд тг.
7. «Qazaquaalaince» ЖШС –0,4 млрд тг.
8. Шағын жобалар – 2,0 млрд тг.
9. Өзге де инвестициялар – 6,0 млрд тг.
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 50,4 млрд теңге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 66,6 пайызға орындалды (2023 жылы – 81,4 млрд теңге). Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы бойынша 31,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді немесе 56 пайызға орындалды (2023 жылы – 59,1 млрд теңге).
Негізгі көрсеткіштің орындалмау себебі, нақты игерілмеген егіс алқаптары бойынша статистикалық деректерді өзектендіру нәтижесінде орын алып отыр. Яғни, 2024 жылдың өніміне 73 179,8 гектар алқап орналастырып, 2023 жылмен салыстырғанда 60 954,6 гектарға немесе 45,5 пайызға кем орындалды (2023 жылы 134 134,4 га). Атап айтқанда, масақты дәнді-дақылдар 4895 гектарға, майлы дақылдар 11 236,9 гектарға, қант қызылшасы 1964 гектарға, көкөніс 12 980,7 гектарға, бақша 9921 гектарға, мал азығы дақылдары 19 957 гектарға кеміп отыр. Жыл қорытындысымен аталған көрсеткішті 66,6 пайыздан 80 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Шешімі: Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім көлемін ұлғайтып (қант қызылшасы – 1100 ц/га, көкөніс – 480 ц/га, бақша – 340 ц/га), нақты деректерді статистика басқармасының есебіне енгізу арқылы егін шаруашылығының жалпы шығарылымы жылдың қорытындысымен 80,0 пайызға орындалады деп күтілуде.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 30,8 млрд теңге, нақты көлем индексі 68,6 пайызды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,3 млрд теңгеге кем орындалды (2023 ж. – 40,1 млрд тг.). Себебі, жоғарыда атап кеткендей, «Қазақмыс» корпарациясының» Шатыркөл-Жайсан кластерінде мыс өндіруге арналған тау-кен фабрикасының құрылысына 30,0 млрд теңге салынса, 2024 жылы 21,5 млрд теңге салынды. Жыл қорытындысымен құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген көрсеткіштер декомпозициясына сәйкес жоспар орындалады.
Қорытындылай келе, жыл қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасады. Тек, 1 көрсеткіш яғни ауыл шаруашылығы саласы оның ішінде өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі (егін шаруашылығы) межеге сәйкес орындалмайды.
Шу ауданында 2019 жылдан «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд теңгеге несиелендірілді. Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5 бағытына басымдық берілген, яғни кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бойынша жобалар қолдау көруде. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Шу ауданының 18 ауылдық округі мен Шу қаласынан 157 өтінім жинақталды. Жалпы жинақталған өтінім құны 1 307,3 млн теңге. Бүгінгі күнге «Тараз» ӘКК-мен мақұлдау жұмыстары басталып, ауданымыздан 7 жоба (құны 50,6 млн теңге) келісіліп, қалған құжаттарын жинақтауда. Сонымен қатар 25 жобаның кепіліне бағалау жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 104,0 млн теңге үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерлерді игеру мақсатында айналым қаражат алынып, ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде. Сонымен қатар, 452,1 млн теңгеге 49 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім беріліп, 40 дана техника жеткізілді. 705 ауыл тұрғыны 3,6 млрд теңгеге 21 394 бас мал сатып алды (МІҚ – 2168 бас, жылқы – 1093 бас, қой – 18 133 бас).
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 адам 34,6 млн теңгеге несие алып, жұмыс жасауда.

Жайылым
Бүгінгі күнге елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша ауданның арнайы жер қорындағы шалғай жер телімдерінен қосымша 21,0 мың гектар жайылымдық жер учаскелері (Шоқпар-5000 га, Бірлік-2000 га, Жаңақоғам-5000 га, Далақайнар-4000 га, Өндіріс-5000 га) жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды қабылданып, жылдың соңына дейін бекітіп беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шаралар арқылы аудан бойынша жайылым жер жетіспеушілігі мәселесі шешімін табатын болады.
Жыл басынан игерілмей жатқан 3 653,0 гектар жер (1500 гектар егістік, 2153 гектар жайылымдық) мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл басынан бау-бақшаға беру арқылы 30 га егістік жер учаскелері қайта айналымға қосылды. 10 жер учаскесі аукцион арқылы ойнатылып (жалпы сатылу бағасы 2,2 млн теңге), 3 жыл мерзімге уақытша пайдалану құқығына берілді. Сонымен қатар, жалпы ауданы 82,46 га (оның ішінде 69,9 га суармалы егістік, 13,56 га тәлімі егістік) 10 ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жер учаскесі жыл соңына дейін конкурсқа шығарылады.
Игерусіз жатқан аудан аумағындағы ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану немесе пайдаланбау бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы ауданы 152,3 мың гектар (оның ішінде 782 га суармалы егістік, 19 300 га тәлімі егістік, 132 313 га жайылымдық) жер учаскесі анықталды. Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаментіне жалпы 42,0 гектар, 7 шаруа қожалықтың игерілмей жатқан жерлері бойынша шара қолдану үшін хат жолданды. Нәтижесінде, 3 шаруа қожалық иесіне ескерту берілді, 4 шаруа қожалық бойынша тексеріс ашылды. Сонымен қатар, жыл басынан 2 540 га ауылшаруашылық алқапатары тәлімді егістіктен суармалы егістікке ауыстырылды.

Каналдарды жөндеу
Жалпы ауданда 94 канал бар (3 магистралды, 91 шаруашылық канал).
1. ПУИД-2 жобасы аясында 16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар. («Туннель Садд Ариана» компаниясы 2022 ж. 4 ақпаннан жұмыстар атқаруда).
Оң жағалаудағы магистралды канал бойындағы 9 каналдың жөндеу жұмыстары аяқталмаған (85 пайызға жүргізілген), 1,1 млрд-қа жуық қаражатты қажет етуде. Аталған каналдардың жағдайымен танысуға ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы, ҚР СРИМ вице–министрі Ерболат Ибрайханов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев, «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Бақытжан Кемелбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Саурықов Ерболат Байұзақұлы мен «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы ауданымызға арнайы атбасын бұрып, іссапармен келген болатын. Алайда, қаражат мәселесі бүгінгі күнге дейін шешілмей, құрылыс жұмыстарының аяқталмай қалуының қауіпі жоғары болып тұр.
2. Су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында аудан аумағындағы жалпы 80 каналға ЖСҚ әзірленді. Оның ішінде 31 канал (3 млрд 110,3 млн тг.) республикалық меншікке өткізілді. Далақайнар ауылы аумағындағы 4 каналдың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар 2-кезеңдегі 45 канал (67млрд тг.). Су ресурстары және ирригация Министрлігіне бюджеттік өтінім берілді. Нәтижесінде, 2026 жылдың соңына дейін барлық каналдарды жөндеуден өткізу жоспарда бар.

Тұрғын үй
Бүгінгі күнге Шу ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй мәселесі. Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 1747 адам тіркелген. (Жетім балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар). Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген. Тек 2018 жылы Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданында бос тұрған 75 пәтерлік тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Аталған аудандағы қалған бос тұрған 4 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті кәсіпкермен келіссөз жүргіздік. Бүгінгі күнге сейсмикалық сараптамадан өткізіп, аудан тұрғындарына қолданысқа беру жұмыстарын жасаймыз.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.
Одан бөлек, өткен жылы, тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса (576 млн теңге), ағымдағы жылы 100 азаматқа (1 421,0 млрд теңге) баспана кілтін табыстау жоспарда. Бүгінгі күнге 20 үй тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табыс етілді. Сонымен қатар, Шу қаласы «Жетісу» тұрғын аумағында 80 пəтерлі (құны 1 692,5 млрд теңге) тұрғын үйдің құрылысы бастау алды. 5 қабатты 80 пәтерлік, 2 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайын. Бюджеттік өтінім ұсынылған («Жетісу» ықшам ауданынан, 3,8 млрд). Аталған жоба қолдау тапса, 160 азамат тұрғын үймен қамтылатын болады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіндегі 180 азамат баспаналы болады деп жоспарлануда.
Жалпы ауданда 142 көппәтерлі үй бар. Ағымдағы жылы 10 көппәтерлі тұрғын үйге республикалық бюджеттен 285,7 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ауыз су
Ауданда 35 елді мекеннің 27-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 74,3 пайызды құрайды. (Шу қаласы, Төле би, Абай, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Белбасар, Жаңа жол, Бәйдібек, Тасөткел, Бірлік, Далақайнар, Қонаев, Мойынқұм, Шоқпар ст, Аспара, Құмөзек, Жиделі, Еспе, Көккайнар, Еңбекші, Көкжиек, Құлақшын, Алайғыр, Ақтөбе). Бүгінгі күнге 6 елді мекен (Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан, Шоқпар, Сауытбек) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Өткен жылы басталған Көктөбе, Бөлтірік елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етудің құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал, Сауытбек елді мекені бойынша мердігер «Жаңарту» ЖШС-ін жосықсыз ретінде тану үшін сотқа талап-арыз жолданып (бүгінгі күнге 2 сот отырысы өтті), сот шешімі күтілуде (келісімшартты уақытылы орындамағаны үшін бір тараптан келісім шарт бұзылған).
Тасөткел су қоймасы, Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылдарын ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 2 млрд 094 мың теңге), қолдау тапты. Бүгінгі күнге Тасөткел су қоймасы (құны 557,1 млн) мен Жайсан ауылдарында (құны 430,1 млн) су шығару имараттарының құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Еңбек (құны 432,5 млн), Жиенбет (құны 538,1 млн) ауылдарын ауыз сумен қамту бойынша мердігер «Сауда сервис Шу» ЖШС жеңімпаз болып танылған болатын. Алайда, осы конкурсқа қатысқан екінші серіктестік «Байсын-А» ЖШС Жамбыл облыстық экономикалық сотына арызданып, аталған конкурсты заңсыз деп тануды талап етіп, екі мердігер арасында сот процесі жүргізілуде. Өкінішке қарай, жоспарланған құрылыс жұмыстары басталмай, бөлінген қаражат республикалық бюджеттен қаралғандықтан, облыстық мәслихат шешіміне сәйкес кері қайтарылды. Қалған Шоқпар ауылының ЖСҚ-сы әзірленіп (құны 1,6 млрд), сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім ұсынылған (РБ). Қолдау тапқан жағдайда ауыз сумен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, Төле би ауылының сол жақ беткейін ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталды. Ал, Шу қаласы «Қант зауыты» мөлтек ауданындағы құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Шу қаласындағы Горгаз (құны 1,4 млрд), Жанкулиев (құны 1,1 млрд) және «Жайсан» (құны 990,1 млн) мөлтек аудандары бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтті. Осы құрылыстарға республикалық бюджетке бюджеттік өтінім өткізіліп, қаражат бөлінуі күтілуде. Аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда, 2025 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайыз орындалды.
Дегенмен, ауыз суға қатысты күрделі мәселе де бар. Атап айтқанда, Шу қаласындағы жалпы ауыз су жүйесінің ұзындығы – 169,3 шқ, кәріз су жүйесінің ұзындығы – 54,7 шқ-ды құрайды. Осы су жүйелеріне «Ауызсу-Шу» КМК мен «Теміржол су-Алматы» ЖШС қызмет көрсеткен. Өткен жылы «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-нен өзіміздің теңгерімге алдық. Қазіргі таңда су мен кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанымен, құбырлары ескірген. Инфрақұрылым бойынша теңгерімге алған себебіміз болашақта қаланың барлық су, кәріз құбырларын жаңарту болып табылады. Қала бойынша су құбырлары мен кәріздер жүйесі нысандарына күрделі жөндеулер керек. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар ішінара жасалып келген. Қаланы көркейту, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту маңызды. Қазіргі таңда осы бағыттағы жоспарлар аясында мекемеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаруға лицензия алу мәселесі алдыңғы қатарда тұр.

Көгілдір отынмен қамту
Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 немесе 51,42 пайызды құрайды.
Қамтылған 18 елді мекен – Шу қаласы, Жаңа жол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек, Жайсан, Тасөткел с.қ., Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Тасөткел. Құбыры тартылған 5 елді мекен – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Аспара. Қалған 6 елді мекен – Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар станциясының ішкі жүйелеріне ЖСҚ әзірленуде. 6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200) рзд. Құмөзек (116) стансасы, Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134).
Ағымдағы жылға 3 медициналық нысанды (Көктөбе, құны 3,7 млн; Белбасар, құны 8,9 млн; Бірлік, құны 13,0 млн) газға қосу жұмыстарын жүргізуге дайынбыз. Алайда, Қонаев ауылында АГТС құрылысы аяқталмай, газға қосу жұмыстары толық жүргізілмейтінін ескерген жөн.

білім
Ауданда 114 білім мекемесі бар (47 мектеп, 37 балабақша (оның ішінде мемлекеттік 23, жеке мекшік 14), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).
2024 жылға 1 жаңа құрылыс (Жиенбет ауылы 100 орындық мектеп), 4 жапсарлас құрылыс (Шу қаласы, Ғ.Мұратбаев; Төле би ауылы, С.Шәкіров; Шоқпар ауылы, М.ХДулати мектебі; Еңбекші ауылы, Еңбекші орта мектептері), 2 күрделі жөндеу (Шу қаласы, Макаренко орта мектебі, 574,4 млн; Тасөткел ауылы, Ш.Мұртаза орта мектебі 359,6 млн) қолдау тауып, бүгінгі күнге мердігерлері анықталған, құрылыс жұмыстары бастау алуда.
Шу қаласындағы А.С.Макаренко және Тасөткел ауылындағы Ш.Мұртаза орта мектептері пайдалануға берілді.
Одан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 мектеп құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, инфрақұрылымын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. (Шу қаласы «Жанкулиев» 3,3 га және «Тоғай» тұрғын аумағында 2,4 га 600 орындық мектеп құрылыстары).

мәдениет
Ауданымызда жалпы саны 48 мәдени ошағы бар (21 мәдениет үйлері мен клубтар, 25 кітапхана, 1 мұражай, 1 мұрағат). 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 5 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол). Осы 7 жобаның барлығы құрылысты қажет етеді.
Бүгінгі күнге жалпы 5 жоба (Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол Белбасар, Ақтөбе) дайын. Оның ішінде жүзеге асырылып жатқаны Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы. (құны 373,6 млн. Аяқталуы 2025 жыл).

спорт
Ауданда 5 спорт мекемесі бар (4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі,1 бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы). Ағымдағы жылы 6 жоба (Шу қаласы – 5, Төле би ауылы – 1) аясында заманауи үлгідгі балалар ойын алаңшалары салынатын болады. 7 жоба бойынша спорт нысандарының ЖСҚ-ы дайын (құны 2,8 млрд. Шу қаласы – 2, Жаңа жол, Бірлік, Ақтөбе, Көктөбе, Шоқпар). Сонымен қатар, Балуан Шолақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер есебінен (құны 180 млн теңге) спорт нысаны бой көтеруде. Көлемі 800 ш/м, сыйымдылығы 80 адам (күрес, баскетбол, волейбол, футбол ойнауға мүмкіндік бар). Сондай-ақ, Бірлік ауылы және Шу қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 2 ангар типтес спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарлануда (құны 341 млн).
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен 2023-2024 жылдар аралығында Шоқпар, Бірлікүстем, Бірлік, Д.Қонаев ауылдарында демеушілік қаражат есебінен балаларға арналған жалпы құны 303,0 млн теңгені құрайтын стрит воркаут, футбол және баскетбол алаңдарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған корпорациямен Көкқайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 264,0 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарлануда.

Жолдар
Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды (республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым; облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым; аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырым; ішкі көше жолдары 543 шақырым). 2024 жылы 28 жобамен (92 көше) 65 шқ (құны 2,0 млрд теңге) жолға жөндеу жұмыстары жоспарланып, аяқталды. Аудандық маңызы бар 17 жолдың 4 жолына (10 шқ) жөндеу жұмыстары жүргізілді (құны 436,7 млн теңге).
Жайсан ауылына кіреберіс (1,11 шқ, жоба құны 45 998,0 мың теңге), Балуан Шолақ-Бөлтірік-Ақтасты ауылына кіреберіс (4,12 шқ, жоба құны 163 688,3 мың теңге), Тасөткел ауылына кіреберіс (4,20 шқ, жоба құны 163 094,2 мың теңге) жолдар мен Бірлік ауылына кіреберіс (1,54 шқ жоба құны 63 948,0 мың теңге) жолдар толығымен аяқталды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 11 жобамен жалпы ұзындығы 26 шқ жолдарды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды (жоба құны 834,7 млн). Сондай-ақ аудандық бюджеттен 454,2 млн теңге қаражат қарастырылып, жалпы 38 шқ ішкі көшелер жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шу қаласы (8 жоба, 42 көше, 27 шқ), Жаңақоғам (3,4 шқ), Далақайнар (1,3 шқ), Тасөткел (2,1 шқ), Мойынқұм (2 шқ жаяу жүргінші), Төле би (3,1 шқ).

Leave A Reply

Your email address will not be published.