Ақпараттық портал

Парақорлық – қоғам дерті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Негізінен сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:
1. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;
2. Құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;
3. Кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын ойлауы;
4. Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы.
Қоғамдағы бұл кеселге бұқара көпшілік тарапынан қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтардан қарапайым жұмысшыларға дейін осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Осы кезекте мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермей, қоғамда нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастырып, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Бақытжан Мырзалипов,
Шу аудандық сотының
судьясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.