Ақпараттық портал

Төрт түліктің саулығы – басты міндет

Ветеринария саласы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Шу ауданының ветеринария бөлімінің миссиясы – ауданымыздағы жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті жұмыстарды орындауға мүмкіндік берді. 2024 жылы облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары ұйымдастырылып, мерзімге сай жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар толығымен атқарылды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы жануарларының 16 түрлі аса қауіпті ауруларына (сібір жарасы, құтыру, аусыл, түйінді дерматит, қарасан, оба, жоғары патогенді құс тұмауы, брадзот, туберкулез, маңқа, қара сүйел, тейлериоз, сальмонеллез, сақау, күл және эхинококкоз) қарсы екпе жүргізілді.
Жыл басынан 92 620 бас МІҚ, 674292 бас уақ малынан қан сынамалары алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жеткізіліп, зерттелген. Оның ішінен МІҚ –дан 2 бас, 25 бас уақ малдарынан сарып ауруы анықталды. Сарып анықталған ауыл шаруашылығы малдары уақытысында Шу ауданы Жанақоғам ауылдық округі Көктөбе ауылында орналасқан «Алинур» ЖК-де сойылып, Тараз қаласында орналасқан «Рамазан» ЖК-не қайта өңдеуге жіберілді. Оң нәтиже көрсеткен мал иелерінің қора-жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша Шу қаласында 1 дана типтік «Беккер» шұңқыры бар. Шу ауданы бойынша 14 сібір жарасы көмінділері бар. Сонымен қатар, анықталған сібір жарасы көмінділеріне мемлекеттік акт алу бойынша жұмыстары жүргізіліп, 14 сібір жарасы көмінділерінің 11-не мемлекеттік актісі алынды. Барлығы санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай бетонмен қоршалған. 3 сібір жарасының ошағына мемлекеттік акт алынбаудың себебі – аталған ошақтар мемлекеттік «Қосқұдық» орман қорының жерінде орналасқандықтан болып отыр. Ол жерлердің санатын ауыстыру, бүгінгі таңға Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.
2024 жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша 649 156 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (ІҚМ – 15296 бас, ҰММ – 195506 бас, жылқы – 2553 бас, шошқа – 508 бас, түйе – 20 бас) бірдейлендіріліп, деректер базасына енгізілді.
Өзекті мәселелердің бірі – қаңғыбас жануарларды аулау және жою мәселесі. Мұнда Шу ауданында қараусыз қалған иттердің шабуылдауы салдарынан зардап шеккен адамдардың өтініш жасау фактілері күн сайын тіркелетініне назар аудару қажет. Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енгенге дейін, жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің түсуіне қарай 1395 ит ұсталып, жойылды.
Шу ауданы бойынша Шу қаласы мен 5 ауылдық округтерден Конго Қырым безгегі ошағы пайда болды. Олар Алға, Балуан Шолақ, Дулат, Қорағаты, Қонаев ауылдық округтері. Жамбыл облысы әкімдігінің Конго-Кырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі 2024 жылға арналған бірінші кезектегі шаралар туралы қаулысы шыққан.
Шу аудандық ветеринария бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.