Ақпараттық портал

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан мотоатқыш әскерлері, автотранспорттық техникасы, оқу зеңбірек, инженерлік мамандықтарына келісімшарт бойынша және әскери қызметке шақыру жүргізілуде.
Осыған сәйкес, Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде де офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыстар атқарылуда.
Қарулы Күштерде қызмет өткеру абыройлы, жалақысы жоғары төленетін кәсіп алу мүмкіндігін береді.
Офицерлер лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын адамдар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
– Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы;
– дені сау болуы;
– әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығының болуы;
– сотталғандығының болмауы;
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар, офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынған.
• Әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызмет өткергенде, тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрады (тек әскери қызмет өткеретіндер ғана)
• Кезектілік тәртібімен әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй беріледі немесе Қорғаныс министрлігі тұрғын үй төлемдерін екінші деңгейдегі банктегі жеке арнайы шотқа аударады. Қызметтік тұрғын үй жабық әскери қалашықта орналасқан жағдайларда әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй және 50% мөлшерінде тұрғын үй төлемдері беріледі.
Әскери қызметші оларды:
• тұрғын үйді жалға алу немесе кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалға алуға;
• ипотекалық несиені (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды меншікке сатып алуға;
• бұрын алынған ипотекалық несиені (қарызды) өтеуге;
• тұрғын үй құрылысына үлеске қатысу кезінде жарналарды төлеуге;
• жинақтарды тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде толықтыруға;
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланады.
Ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді. Сондай-ақ әскери қызметшілер:
– мемлекет есебінен бекітілген нормалар бойынша заттай мүлікпен (киім-кешек) қамтамасыз етіледі;
– кезекті еңбек демалысы кезеңінде айлықақы сақтала отырып, екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді;
– қызмет бабында ауыстырған кезде өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді;
– жоғарғы оқу орнында оқитын әскери қызметшілердің 50 пайыз оқу ақысы мемлекет есебінен төленеді;
– ерте зейнетке шығу мүмкіндігі;
– бірінші кезекте әйелін жұмыспен қамту, балаларын балабақшаға немесе мектепке орналастыру;
– 25 немесе одан көп жыл әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге жыл сайынғы тегін санаторлық-курорттық емдеу іс-шаралары.
Екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылуға запастағы офицерлер келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірген азаматтар мына мекенжай бойынша қабылданады: Төле би ауылы, Егемберді көшесі 2/3 үй, Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, байланыс телефондары: 3-00-00, 3-00-02. Сондай-ақ, толық ақпараттар алуға, кандидаттарды іріктеу комиссиясында қарастыруға әскери бөлімдердің мекенжайына баруына болады.
Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен барлық қажетті мәліметтерді ала алады.

Ж.Абиев,
Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
подполковник.

Leave A Reply

Your email address will not be published.