Ақпараттық портал

Қоршаған ортаны қорғау қағидалары қаралды

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2025 жылғы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттері туралы» 2025 жылғы 3 ақпандағы 14-ө бұйрығына сүйене отырып, «Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ өз кезегінде орман және дала өрттерінің алдын алу, әрі бірлескен құрылым күштерімен өртке қарсы қызмет көрсету мақсатында алдын ала дайындық іс-шара жұмыстарын жүргізуде.

Шу ауданының әкімімен Қосқұдық орман шаруашылығының МОҚ аумағында және орман қоры жерімен іргелес орналасқан аудан, қала, ауылдық округі жерлерінде «2025 жыл-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрттің алдын алу» бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ағымдағы жылы Тасөткел, Алға, Өндіріс, Қорағаты және Ақтөбе ауылдық округінің әкімдеріне арнайы хаттар жолданды. Аталған ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары және ауданымыздың орман қоры жерінен қысқа және ұзақ мерзімге мал жайылымы үшін жер алып, мал шаруашылығы арқылы өз кәсіптерін жүргізіп отырған орман пайдаланушы азаматтармен Қосқұдық орман шаруашылығы мекеме басшысының орынбасары М.Батырбекова, Ормандарды қорғау және күзет инженері Б.Абдрешов, Қосқұдық және Алабота орманшылықтарының басшылары А.Жолдасбек, Б.Қуанышбеков, Қосқұдық ОӨСС басшысы А.Көшкінбай және өзге де орман күзет қызметкерлерінің қатысуымен «2024 жылдың өрт қауіпті маусымының қорытындылары және 2025 жылға дайындық жөніндегі міндеттер туралы» ауыл тұрғындарына жиналыс өткізді. Ауыл тұрғындарына орман және дала өрттеріне қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл әкімшілігінің мамандары мен ауыл тұрғындарына Жамбыл облысы бойынша ОШ аумақтық инспекциясының 14.02.2025 жылы әлеуметтік «Zoom» желісі арқылы Жамбыл облысы аумағындағы барлық өртке қарсы жауапты басқарушы, қадағалаушы органдармен Жамбыл облысы әкімдігінің Орман шаруашылығының мекемелерінің орман күзет қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген жиналыстың хаттамасы оқылып, таныстырылды. Өткізілген жиналыс отырысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы күндері өртке қарсы жасалатын қызметтерді, әрі орындалуға тиісті іс-шараларды қамтамасыз етудегі Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысының м.а. Ниязқұлов Нұрғали Жұмаділевичтің төрағалығымен жүргізілген жиналыс отырысының ҚАУЛЫСЫ таныстырылды.
Орман шаруашылық мекемелері:
1. Өрт қаупі бар маусымына дайындық бойынша барлық органдармен бірлескен іс-шаралар жоспары жан-жақты жасалынсын. Яғни еріктілер саны, техника саны, қажетті құрал-саймандар саны талапқа сай толығымен көрсетілсін;
Орындалу мерзімі: 01.03.2025 жылға дейін.
2. Аудан мен ауылдық округтердегі әкімдіктермен бірлесе мемлекеттік орман қоры жерлеріне шекаралас елді мекендер, орман алқаптары айналасында ені 4,0 метрден кем емес өртке қарсы жолақ жырту және тазалау жұмыстары жүргізілсін;
Орындалу мерзімі: 01.05.2025 жылға дейін.
3. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін қажетті өрт
техникалық құрал-жабдықтарымен толығымен дайындық жағдайына келтірілсін;
Орындалу мерзімі: 01.03.2025 ж.
4. Аудан және ауылдық округтердегі көшелерде және тұрғындар орманға ең көп баратын орындарында, орман қорынан өтетін автокөлік жолдары бойында, санаторийлер, демалыс үйлері аумақтарында өртке қарсы тақырыптарға плакаттар, билбордтар, паннолар және аншлагтар орнату немесе жаңарту қамтамасыз етілсін;
Орындалу мерзімі: 01.03.2025 ж.
5. Аудандық БАҚ-мен бірлесіп, облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу мен жол бермеу туралы тақырыптарға мақалалар жариялау ұйымдастырылсын;
Орындалу мерзімі: өрт қауіпті кезең бойы
6. Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі ең жоғары өрт қауіпі бар орындарда және шекаралас жатқан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне кезекші бекеттер мен қажетті өрт техникалық құрал-жабдықтармен тиісті деңгейде қою қамтамасыз етілсін;
Орындалу мерзімі: өрт қауіпті кезең бойы.
7. Орман шаруашылығы мекемелерінде бекітіліп берілген аумақтарда жер үсті патрульдеу қызметін үзбей атқару жұмыстары жүргізілсін;
Орындалу мерзімі: өрт қауіпті кезең бойы.
8. ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 27-5/151-НҚ «Мемлекеттік орман қоры аумағында және оған іргелес аумақтарда өртке қарсы қорғаныштық жолақтарын құру жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қолда бар кесу қалдықтарын жағу және шөпті өсімдіктерді бақыланатын өртеу жүргізілсін;
Орындалу мерзімі: 20.03.2024 ж.
9. Жанар-жағармай материалдарының резервтік қоры жасалынсын;
Орындалу мерзімі: 20.03.2024 ж.
10. Барлық МОҚ аумағында тұрақты телефон және радиобайланысы қамтамасыз етілсін;
Орындалу мерзімі: 20.03.2024 ж.
11. Ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес міндетемелерін толық орындауы басты назарға алынсын.
Орындалу мерзімі: 01.04.2024 ж.
Орман шаруашылығының мамандары ауыл тұрғындарына орман қоры аумағында әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу керек екендігін, «2025 жылғы өрт маусымына дайындық жөніндегі міндеттері туралы» бұйрықтың ҚР Орман кодексінің заңнамаларымен жүргізілетінін, одан әрі, әр ауыл әкімшілік қызметкерлеріне және ауыл тұрғындарына ҚР Орман кодексінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеу керек екендігі түсіндірілді. Жоғарыда көрсетілген қаулыны орындамаған жағдайда әкімшілік жазаға тартатынын атап айтты.
Берік Абдрешов,
Қосқұдық ОШ КММ-нің ормандарды қорғау және күзет инженері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.