Жемқорлықты жоюға бағытталған жиын
Алқалы жиындарда күн тәртібінен түспейтін қоғамдық мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Жуырда Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жиналысы өтті. Басқосуға аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушілері мен әкімшілік қызметкерлері шақырылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2024 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері, осы жолдардың авторы есеп берді.
-Бүгінде комплеанс қызметі бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталық аппараттардың ғана емес, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің де қызметін қамтиды. Шу аудандық орталық ауруханасы квазимемлекеттік субьект тобына жатуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылған.
Соның бірі – «Квазимемлекет субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» жобасы. 2023 жылғы 14 қыркүйек күні «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МК кәсіпорнында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.М.Оспанованың төрағалығымен және Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа карсы қызмет департаментінің басқарма басшысының бірінші орынбасары Д.Д.Омаровтың, Превенция басқармасының басшысы Қ.О.Байгебаевтың қатысуымен өткен жиналыстың №10 хаттамасының 4 тармағында “Емдеу алдын алу мекемелердің бас дәрігерлеріне Квазимемлекеттік секторлардың штаттық бірліктерінің тиімділігіне талдау жүргізіп, комплаенс офицер лауазымын енгізіп, тағайындап, бұйрық бекітілсін” деп хаттамалық тапсырма берілген болатын. Аталған тапсырма Шу аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің отырысында айқындалып, шешім қабылданды. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №3 хаттамаға сәйкес, штаттық кестеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі лауазымы енгізілді.
Ал, 2 жоба – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы». «Шу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МК Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңын орындау және сақтау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы» ереже, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық», «Мүдделер қақтығысын анықтау, реттеу саясаты», «Корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексі» бағыттары аурухананың веб-сайтына орналастырылған.
№3 жоба – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру». Аурухананың комплаенс-қызметі 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының негізінде атқарылған іс-шара бойынша мәлімет әлеуметтік желілерде, яғни «Facebook», «Instagram» желілеріне және аудандық басылым – «Шу өңірі» газетіне жарияланады. Сондай-ақ аурухана ғимаратында ақпараттандыру бұрышында және құрамдас бөлімдерінің көрнекі жерлерінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жасаған үшін жазалау мерзімі және сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлағанадамдарды көтермелеу шаралары туралы» тақырыптарында стенд, буклет, хабарландырулар орналастырылды.
Медициналық көмек сапасын көтеру, заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында орталық аурухана ғимаратында сенім телефондарының нөмірі және «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» тақырыптарына әзірленген брошюраларның қазақ және орыс тіліндегі нұсқасы жарнамаланған.
№4 жоба – «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау». Аурухананың Комплаенс – қызметінің жұмыс тобының тексеруі барысында анықталған бұзушылықтар уақытылы жойылып, жіберілген бұзушылықтар үшін жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылады және назарға алынады. Айталық, 2024 жылдың 7 қазаны мен 7 қарашасы аралығында ШЖҚ МКК-ның атқарылып жатқан қызметіне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылған кезең 2024 жылдың 9 айы. Талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша уақытылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған талдау Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы атына 2024 жылғы 11 қарашада шығыс саны №814 хатпен жолданды, – делінген баяндамада.
Жанаткүл Беймбетова,
Шу аудандық орталық ауруханасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері.