Аудан әкімі Б.Жәнібековтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Аяулы аналар!
Ардақты әжелер!
Барша нәзікжандылар!
Сіздерді күлімдеген көктеммен бірге келетін жақсылық пен жылылықтың, қуаныш пен шаттықтың мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміздің «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады. Жаңа дәуірде Қазақстанның дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып, гүлденуіне елеулі үлес қосқан қайраткер аналарымызды, апа-қарындастарымызды біз ерекше мақтан етеміз. Бүгін әйелдер қоғамымыздың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және басқа да салаларында жүзеге асырылып жатқан өміршең өзгерістерге белсене араласып, тәуелсіз мемлекетіміздің күш-қуатының артуына өз үлестерін аямай қосуда. Олар әрбір шаңырақтың отын маздатып, береке мен бірліктің тірегі болуда.
Сіздер – дәл бүгінгідей ыстық ықылас пен ізгі ілтипатқа тек мереке кезінде ғана емес, әрқашанда ие болуға лайықсыздар. Сіздер алдағы уақыттарда да қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала бересіздер деп сенемін!
Қасиетті халқымыз қыз баласын айрықша ардақтап, оларды инабаттылыққа және иманжүзділікке тәрбиелеген. Сондай-ақ, әйел затына аса қамқорлықпен қараудың халықтық қағидаларын қалыптастырған. Өйткені, олар сұлулықтың, мейірімділіктің, ақылдылықтың нұрын дарыта білген. Ата-баба дәстүрін көзінің қарашығындай сақтаған нәзік жандардың ізгілікті істері қай кезде болмасын қоғам дамуының қарқынына үлкен үлес қосуда. Бұл көкірегімізде мақтаныш сезімін оятумен бірге бізге деген жауапкершілік жүгінің молдығын айғақтайды.
Құрметті абзал жанды аналар!
Қадірлі замандастар!
Сіздерді 8 наурыз – Әйелдер мерекесімен тағы да құттықтай отырып, өздеріңізге үлкен бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Алақаны аялы аналарымыздың жасы ұзақ болып, ерлерге сүйеу болар әйел азаматтарымыз аман болсын!
Көздеріңізден шаттықтың нұры, жүздеріңізден бақыттың табы кетпесін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!