Қаржы бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Рахимкулов Ернұр Ермекбайұлы аудан әкімінің №48 өкімімен 2025 жылдың 3 наурызынан бастап Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Рахимкулов Ернұр Ермекбайұлы 1988 жылы туылған, білімі жоғары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 2010 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің сектор меңгерушісінің көмекшісі болып бастаған.
2012-2015 жылдары Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің инспекторы;
2015-2016 жылдары Шу ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығының маманы;
2016-2018 жылдары Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы;
2018-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі;
2020-2021 жылдары Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
2021 жылдың 31 желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
Үйленген. Төрт бала тәрбиелеуде.