Ақпараттық портал

Мұқағали мұрасы – кітап қорында сақталған асыл қазына

Қазақ жырының көгінде мәңгілік сәуле болып қалған есім – Мұқағали Мақатаев. Ол – поэзияны тағдырындай сүйген, жырды жүрегінің үніне айналдырған дара тұлға.
Мұқағали жырлары – қазақтың жан дүниесінің айнасы. Оның өлеңдерін оқығанда туған жердің самалы есіп, ана әлдиі естіліп, сағыныш сазы жүрекке жетеді. Ақын поэзиясы қарапайымдылығымен құнды. Ол күрделі сөзбен емес, жүрекке жақын тілмен сөйледі.
Ақын 1931 жылы Алматы облысының қасиетті топырағында дүниеге келді. Балалық шағы соғыс жылдарының ауыртпалығымен тұспа-тұс келді. Әкесінен ерте айырылған бала Мұқағали өмірдің ащы дәмін ерте татты. Бүгінде оның есімі қазақ әдебиетінің алтын қорында. Жырлары мектеп оқулықтарына енді, әнге айналды, сахнада оқылып, жүректерге жетіп келеді.
Мұқағали поэзиясының өзегі – Отан, туған жер, махаббат, ана, адам тағдыры. Ақынның «Үш бақытым», «Саржайлау», «Аққулар ұйықтағанда» шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Аудандық орталық кітапханада Мұқағали Мақатаевтың еңбектері жинақталған ерекше қоры бар. Мұнда ақынның өлеңдер жинағы, сирек басылымдар оқырмандарға ұсынылған. Кітап қорын пайдалану арқылы жас оқырмандар ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеп, ақынның поэзиясын терең бойлай алады.
Мұқағали – ұрпаққа рухани азық беретін ақын. Оның шығармалары әрқашан қазақтың жүрегінде жаңғырып, әдеби қазына ретінде сақталады.
Перизат Әнбияқызы,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.