Ақпараттық портал

Сапалы тұқым – мол өнім кепілі

Тұқым шаруашылығы – ауыл шаруашылығы дақылдары-ның жоғары өнімді сапалы тұқымдарын көбейтумен, өсірумен және олардың сорттық қасиеттерін сақтаумен айналысатын сала.
Қазақстан Республикасы бұл саланы 1921 жылдан бастап дербес дамытып, егіншілікті ғылыми негізде жүргізуді, сорттық сертификаттауды және сапалы тұқыммен қамтамасыз етуді қамтиды.
Тұқым шаруашылығының негізгі міндеттері:
-сорттарды жаңарту мен өнімділігі жоғары және жерсіндірілген сорттарды шығару мен енгізу;
-тұқымды көбейту мен элиталық және репродукциялық тұқымдарды өндіру;
-сапаны бақылау және тұқымдардың сорттық және себу сапасын (өнгіштігі, тазалығы) сертификатттау.
Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заңының 2003 жылғы 8 ақпанының №385-22 бабына сәйкес, барлық ауылшаруашылық құрылымдары меншік түріне қарамастан ауыл шаруашылық дақылдарын егу тек кондициялы тұқымдармен, яғни ұлттық стандарт сұранысына және тұқым сапасындағы құжаттары нормативіне сәйкес болу қажет.
Тұқымдарының егу сапасын анықтау және пайдаланатын тұқымдарының сапасы (сорттық және егу) уәкілетті органдармен, аккредиттелген зертханалармен анықталып, тиісті құжаттармен (куәлік акт) расталуы тиіс. Шу ауданы бойынша тұқымның сапасын сараптама жүргізетін «Шу тұқым зертханасы» АҚ «Казагроэкс» ҚР АШМ. Зерттеулер бюджет бағдарламасы есебінен жүргізіледі, ауылшаруашылық құрылымдар орындалған қызметтерге төлемейді.
Бұл шара тұқымның өнімділігін және сапасын кепілдендіру үшін қажет. Егуге арналған тұқым үлгілерін шаруа қожалықтың өкілдері өткізеді.
Тұқым шаруашылығының мақсаты – ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және өнім сапасын жақсарту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан төмендегі мекенжайға міндетті түрде тұқым үлгілерін тапсыруларыңызды сұраймыз.
Төле би ауылы, Төле би көшесі №201.
Жұмыс телефоны: 8(72638) 3-24-13.
Телефон: 8 700 250 28 20.
К.Кутыбеков,
Шу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.