Қауіпті дерттің қатері
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын аурулар (ЖЖЖА) мен жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу
Күн санап көбейіп келе жатқан жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын аурулар (ЖЖЖА) мен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) жұқпасының алдын алу шараларын тұрғындар арасында да насихаттау бәсеңсіген емес. Қазіргі таңда елімізде ЖЖЖА мен ЖИТС-тің алдын алу мақсатында қомақты қаржы жұмсалып жатқанымен, оның алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. ЖЖЖА мен ЖИТС кеселін республиканың барлық аймағынан кезіктіруге болады. Іс жүзінде жыныстық қатынас туралы тәрбие беру, өсіп келе жатқан жастарға дұрыс шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға, қауіптілікті туындататын көптеген факторларға, оның ішінде тәжірибе жасаумен, өзін нық сезінумен, құрдастары қатарынан қысыммен, нашақорлардың белсенділігімен бетпе-бет келгенде психологиялық иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманның жастары әртүрлі және өзара байланысты көп проблемалармен бетпе-бет келуіне орай сауатын ашу және қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау заманауи әлемдегі өмір әдеттеріне айналып, жалпы оқыту кешенінің бір бөлігі болуға тиісті.
ЖИТС – аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы – адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ). Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, оппортунисттік аурулар пайда болады. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: жыныстық қатынас, вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда), анасынан нәрестеге жұғу арқылы. Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын аурулар (ЖЖЖА) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. ЖЖЖА бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін.
Профилактиканың міндеттері — адамдарды ерікті түрде ұзақ уақытқа өзінің мінез-құлқын, анағұрлым қауіпсіз жасап өзгертуге көзін жеткізу болып табылады. Оған қалай қол жеткізуге болады?
Мінез-құлықты өзгертудің бірқатар психологиялық заңдылықтары бар. Қалыптасқан әдеттердін ерікті түрде бас тарту, ереже бойынша бірден болмайды, ол қандай да бір уақытты талап етеді, сол уақыт аралығында адам бірнеше кезеңдерді басынан өткізеді. Әр кезеңде, өзінің мінез-құлқын өзгертуді шешкен адамға тиісті ақпарат және қолдау қажет болады.
Профилактикалық іс-шаралар насихаттау шараларын өткізумен, саламатты өмір салтын жарнамалаумен, есірткіден және кездейсоқ сексуалдық байланыстардан бас тару, тұрақты серіктесінің денсаулығы туралы қамқорлық жасаумен жалғасуға тиіс.
Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы екенін есте сақтау қажет. Бұл жағдай бізді және біздің жақындарымызды айналып өтуі үшін бар күшті салу керек.
Е.Оспанова,
Шу АОА салауатты өмір салтын насихаттау бөлімінің меңгерушісі.