Ақпараттық портал

Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша ескертпе

Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) бойынша ең эндемикалық болып табылады.
КҚГҚ аурулары көктем-жаз маусымдарында (сәуір-тамыз) қатаң түрде қаралуы тиіс. Табиғи резервуар және қоздырғыштың көзі ауылшаруашылық жануарлары, жабайы сүтқоректілер (қояндар, кеміргіштер, кірпілер және т.б.), вирустың табиғатта сақтаушысы және тасымалдаушысы – иксод кенелерінің әртүрлі түрлері. Бұл вирустың берілу жолы трансмиссивті, яғни қан арқылы, ол кененің шағуы арқылы немесе қанға тойған кенені жаншыған кезде жұғады. Вирус жұқтырған адамның қанымен теріге және медициналық шаралар жасау кезінде берілуі мүмкін. Бұл жағдайда науқас инфекция көзі болып табылады және басқаларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді. КҚГҚ вирусымен зертханалық жағдайда жұмыс істегенде, вирустық аспирациялық берілу жағдайлары да атап өтіледі.
КҚГҚ инкубациялық кезеңі орта есеппен 2-7 күн, сирек жағдайларда 12 күнге дейін созылады. Кенелермен байланыста болған кезде барынша инкубациялану мерзімі 12 күн, ал сырқаттың қанды шығындыларымен байланыста болғанда 9 күн. Ошақта науқаспен тығыз байланыста болған адамдар тұрақты медициналық бақылау мақсатында 6-шы күннен кешіктірмей ауруханаға жатқызылады.
КҚГҚ кезіндегі негізгі клиникалық көріністер, аурудың жедел басталуы, қалтырау, дене температурасының 39-41С дейін көтерілуі, симптоматикалық интосикация (бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, диарея болуы мүмкін). Бөртпе және геморрагиялық синдром, мұрыннан қан кету, ішкі ағзада қан кету, макрогематурия, қызыл иектен, тілден қан кетуі, коньюнктива (көздің шырышты қабаттары), асқазан мен ішектен қан кету түрінде байқалады.
КҚГҚ бар науқастар алғашқы күндері айналасындағылар үшін, әсіресе қан кеткен кезде өте қауіпті. Медицина қызметкерлерінің КҚГҚ жұқтыру қаупі науқастарға алғашқы және медициналық көмек көрсету кезінде және науқастарға күтім жасау кезінде жұқтыруы мүмкін. Сондықтан медицина қызметкерлерін даярлау, олардың сергектігін арттыру өте маңызды.
Емханада немесе медициналық пункте науқас анықталған жағдайда медициналық қызметкер дереу әрі қарай адамдарды қабылдауды тоқтатады, келушілер арқылы немесе телефон арқылы басқа медицина қызметкерін шақырады, оған бас дәрігерге және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлауды тапсырады. Содан кейін медицина қызметкері қорғаныс киімін киеді, науқасқа қажетті көмек көрсетеді, геморрагиялық құбылыстар болған кезде ластанған жерлер мен қолды, ағымдағы тазалау жұмыстарын жүргізеді, қабылдауда болған және науқаспен бірге байланыста болған адамдардың, сондай-ақ ертіп жүрген адамдардың тізімін жасайды. Науқасты емделуге жатқызуға тасымалдау, медицина ұйымының көлігімен жүзеге асырылуы тиіс және қоғамдық, жеке көлікпен емделуге апарып жатқызуға болмайды, қатаң тыйым салынады.
Күдікті науқас стационарға түскен кезде аурухананың қабылдау бөлімшесінің қызметкері қорғаныш костюмдерін (екінші халат, қалпақ, маска, резеңке қолғап, көзілдірік) киеді, барлық бөгде адамдарды үй-жайдан шығарады. Науқасты қарап, бөлек палатаға жатқызады немесе изоляторға, жеке пост (мейірбике және тазалықшы) беріледі. Пост жеке медициналық құралдармен, күтім заттарымен персоналға арналған халаттармен қамтамасыз етіледі.
Мұнда ағымдағы өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының ерітінділері бар ыдыстар, жинау мүкамаллы, хирургиялық немесе аяқпен басқарылатын қолжуғыш орнатылады. Изоляторға кірген кезде медицина қызметкері екінші халат, қалпақ, маска, резеңке қолғап, көзілдірік киеді. Процедуралар немесе басқа жұмыс аяқталғаннан кейін резеңке қолғап шешіліп, қолды зарарсыздандыру ыдысына салып, ағын суға жуылады, одан кейін резеңке қолғаптар зарарсыздандыру ыдысына салынады. Палата үнемі зарарсыздандыру ерітіндісімен сүртіледі, ыдыс-аяқ зарарсыздандыру ерітіндісіне малынады немесе қайнатылады. Шайынды суларды құрғақ дезинфекциялық құралмен жауып, экспозициясы ұсталғаннан кейін су құбырларына немесе қазылған шұңқырларға құйылады. Күтім заттары мен жинау жабдықтары үнемі өңде-леді.
Зертханаларда КҚГҚ қоздырғышымен жұмыс істеу зерханаішілік жұқтыру қаупімен ұштасады және арнайы жарақтандыруды және персоналды даярлауды талап етеді. Сондықтан науқастан алынған материалдың КҚГҚ вирусын оқшаулау және одан әрі сәйкестендіру патогенділігі бойынша 2 топ қоздырғышымен жұмыс талаптарына жауап беретін зертханада жүргізіледі.
А.Кожанова,
Жамбыл бөлімшелік КСЭБ басқармасының санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.