Байқау кеңесінің кезекті отырысы
Жуырда Шу аудандық орталық ауруханасында байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанованың 2024 жылғы 16 қаңтардағы №23-ө бұйрығымен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының байқау кеңесінің құрамына Үмбетәлі Перизат Жолдығұлқызы енді.
Сондай-ақ жұмысты тиісінше ұйымдастыру және байқау кеңесі шешімінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыру мақсатында байқау кеңесінің төрағасы сайланды. Көпшілік дауыспен бұл қызметке Клара Смағұлова тағайындалды.
Бұл жөнінде баяндаған Шу ауданының жеке кәсіпкері Сабыржан Бабалиев Клара Саяққызы денсаулық сақтау қызметкері әрі ауданның тұрғыны болғандықтан, өңірдің шаруашылық тұрмыстық жағдайын және жалпы халықты жақсы білетінін атап өтті. Сонымен қатар, ауданның денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарған және бас дәрігер Ж.Айтишевтің байқау кеңесінде қаралатын мәселелерді жақын жерден ақылдасуына да қолайлы екенін жеткізді.
Келесі кезекте аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары А.Байботаев Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Бұдан соң аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Айтишев аудандық орталық ауруханада 2024 жылғы атқарылатын шаралардың жоспары жөнінде баяндады. Нәтижесінде, жұмыс жоспары байқау кеңесі мүшелерімен айқындалып, бекітілді.
Жиын барысында бұлардан өзге де мәселелер қаралды.
(«Шу өңірі» ақпараты)