Ақпараттық портал

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРҒА АУДАН ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Соңғы жылдары ауданымызға ат басын бұрған инвесторлардың қатары артып келеді. Шу ауданында кәсіп ашуға ниетті шетелдік компанияларға аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмек те ұдайы берілуде. Бұл өз кезегінде кәсіпкердің жұмысын жүйеле ете түссе, екінші жағынан жергілікті тұрғындарға тұрақты жұмыс табуға жол ашатыны анық.
Күні кеше ғана аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков өңірімізге қызығушылық танытып отырған италиялық инвесторлармен кездесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Ұлу өсіріп, оны бірнеше салада кәдеге жаратумен айналысатын серіктестік аталған кәсіпті ауданымызда өркендетуге ниет білдіріп отыр. Серіктестік өкілдері Маццуокколо Ливио және Сампо Симон экзотикалық жәндікті формацевтика мен косметология саласында, тағам өндірісінде пайдаланып, одан бөлек экспортқа шығарумен де айналыспақ.
Елімізде қарқынды дамымаса да мұны алғашқылардың бірі болып өңірімізде кәсіп етіп, табыс табуды көздеген серіктестікке аудан әкімі Б.Жәнібеков өңіріміздің әлеуетін таныстырды. Шынын айту керек, бүгінде сұлулық әлемінде де, тағам өндірісінде де ұлуға сұраныс жоғары екенін байқауға болады. Оның үстіне ұлу фермасы бұрын-соңды біздің өңірде болмаған. Сондықтан да аудан басшысы шетелдік инвесторларға бұл кәсіпті өңірімізде өркендетуге барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.