Ақпараттық портал

Шомылуға рұқсат етілген орындар бекітілді

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Ескертеміз:
Шу ауданы, Белбасар ауылы, “Ақ жайлау” демалыс орны” және Шу ауданы, Төле би ауылы, Меркі-Бұрылбайтал тас жолының 109 шақырымындағы Шу өзені арқылы өтетін көпірдің жанындағы жағажайдан басқа аудан аумағындағы су айдындарында шомылуға рұқсат етілмейді. Рұқсат етілмеген жерде шомылсаңыз, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз.
Жамбыл облысының төтенше
жағдайлар департаменті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.