Ақпараттық портал

«Өткізілетін жұмыстардың мерзімі ғана емес, сапасы да маңызды»

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының
барысы қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазіргі жағдай туралы баяндады.

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18005 жылжымайтын мүлік бүлінген деп танылды. 17 295-інің зерттеу нәтижесі дайын. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың өсімі 1375-ті құрады. 2245 нысан құрылысы, жылжымайтын мүлік нарығында 5235 үй мен пәтер сатып алу, 9819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 1828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81 пайызды құрап отыр. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында төмен қарқын мен жұмылдыру орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да 2122 үй әлі су астында қалып отыр.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1772 үйдің иелері төлемдерін алған. Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде EGOV және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бойынша мониторингі қамтамасыз етілді. Әр өңірде жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.
Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы деп баға берді, онда 53 отбасына жаңа үйдің кілті табысталды.
Бұл ретте Премьер-Министр басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала алмай отырғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.