Ақпараттық портал

Байланыс мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы интернет пен мобилді байланыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Бағдат Мусин, бірқатар өңір әкімдері
баяндама жасады.
Қазақстан халқын сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Барлық іс-шараларды орындау нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды байланыс желілерімен қамту 100 пайызға жетеді.
Қазір интернетті пайдаланатын ел халқының үлесі дамыған елдер деңгейінде тұр. 2020 жылға қарағанда трафиктің өсуі 61,5 пайызға, абоненттер саны 12,9 пайызға өсті. Speedtest Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстан орташа интернет жылдамдығымен әлемде 66-орында (43,6 Мбит/с).
Үкімет отырысында ауылдық елді мекендерде байланыстың қолжетімділігі мәселесі қаралды. Мәселен, бүгінде 6 290 ауылдың 2 606-на оптикалық желі тартылды, мобилді интернет 4 866 елді мекен тұрғындарына қолжетімді. Қолданыстағы салық жеңілдіктері шеңберінде 2023 жылы 1161 ауыл 4G технологиясына қосылған.
Байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ұлттық жоба аясында МЖӘ тетігі арқылы 3010 ауылда оптикалық байланыс желісін тарту көзделіп отыр. Жобалар қорытындысына сәйкес 2,4 млн адам интернетке қол жеткізеді деп күтілуде. Барлық жобалар байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестициялар тартуды көздейді.
Республика бойынша 20 қалада 1 144 5G базалық стаса орнатылған. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асатын болады.
Үкімет басшысы жылдам интернет – цифрландырудың негізі, ал байланыс қызметтерінің көлемін арттыру экономикалық өсудің маңызды аспектілерінің бірі екенін атап өтті. Осы орайда тұрғындар жылдам, 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі қажеттігі, сондай-ақ республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобилді интернеттің маңыздылығы атап өтілді.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.