Ақпараттық портал

Медициналық тексеруден өтудің маңызы зор

Медициналық тексерулерден өту Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а 15.10.2020 жылғы №131 «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және “Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу” қағидасымен реттеледі.
Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі болып бөлінеді.
Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.
Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Өндірістік кәсіпорында және зиянды вахталық еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер арасында тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары, лекция, дөңгелек үстел, БАҚ-да мақала жариялау тұрақты түрде жүргізілуде.
Н.Кияшов,
Шу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.