Ақпараттық портал

Шу ауданының 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Демография. 2024 жылғы 1 мамырға Шу ауданындағы халық саны 106,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 45,5 мың адам (42,8 пайыз), ауылдықтар – 60,7 мың адам (57,2 пайыз).
Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. 2024 жылғы қаңтар-мамырда төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4321,1 тонна ет, 18893,5 тонна сүт, 1672,4 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 27,1 тонна ет, 442,1 тонна сүт, 11,8 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басын өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 66953 басқа, қой 522823 басқа, ешкі 18322 басқа, жылқы 18488 басқа, түйе 111 басқа, үй құстары 69530 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 32540 басқа, ешкі 3914 басқа, түйе 23 басқа көбейіп, мүйізді ірі қара 3995 басқа, жылқы 3096 басқа, үй құстары 1366 басқа азайған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2024 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 13231,9 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,2 пайызды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 24064,1 млн теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 11633,4 млн теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 9977 шаршы метрді құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 9803,7 млн теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 2990 млн теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 6813,7 млн теңгеге сатылды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.