Ақпараттық портал

Ана атын ардақтаған кеш

Аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әрі «Руханият» клубы мүшелерінің қатысуымен көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады…» атты мерекелік кеш өтті.
Оған Төле би ауылдық округінің аналар алқасының төрайымы Л.Сатыбалдиева мен мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева құттықтау сөзімен ашып, ізгі лебізін білдірді.
Осы аталмыш мерекеге орай кітапханашы Э.Шингисова «Алғыс», Ж.Анарбекова «Анамның ақ жаулығы», А.Талғат пен Е.Талғат «Мерекем», «Анашым» әндерін айтып, «Би-Арт» би тобының бишісі К.Ермахан «Қамажай», «Египет» биін мың бұрала билесе, Мұрат Нұрхан Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін домбырада күмбірлете орындады. Кітапханашылар Ә.Токашева, Н.Рахымбаева ақындардың поэзиялық туындыларын мәнеріне келтіріп оқыды. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
Мерекелік кеш соңында аналарға және жас таланттарға сый-сияпат жасалды.
Ана жайлы көркем сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаздарды, аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйретуге бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Елмира Абдықадырова,
АОКЖ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.