Аймақтық күй байқауы өтті
Қазақ халық музыкасының бір саласы күйшілік өнер жөнінде жастардың түсініктерін тереңдету, ұлттық мұраны насихаттау мақсатында Бірлік ауылдық клубының ұйымдастыруымен КСРО-ның халық әртісі, дирижёр, күйші-композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туылғанына 100 жыл толуына орай «Нағыз қазақ – домбыра» атты аймақтық күй байқауы өтті.
Байқауда «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі, «Әсем әуен» фольклор тобының белді мүшесі, домбырашы Қыдыралы Жанболат Бахтиярұлы, «Жастар» сыйлығының лауреаты, «Үздік педагог», Құрманғазы атындағы саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Нұрманбаев Дархан Төреханұлы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Ақсақалова Эльмира Тоғайбайқызы қазылық ете отырып, әділ бағасын берді.
Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды Досжанов Рауан (Төле би ауылы), ІІ орынды Аязбай Ерасыл (Бірлік ауылы), тағы бір ІІ орынды Мейіржан Алима («Қант зауыты» мөлтек ауданы), ІІІ орынды Қалибай Еламан (Бірлікүстем ауылы) иеленіп, дипломдармен марапатталды. Басқа да қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мадақтамалар тапсырылды.
Маржан Көпбосынова,
Шу аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы.