Ақпараттық портал

Отбасы құндылығын дәріптеді

Күні кеше еліміз Халықаралық отбасы күнін атап өтті. Оның өрнегі Шу ауданында да көрініс берді. Жерлестеріміз әлеуметтік желіде отбасы жайлы жылы сөздерін арнаса, кейбір ұжымда мерекелік шаралар өткізілді.
Өзім сондай бір іс-шараға қонақ ретінде қатысып қайттым. Төле би ауылындағы «Әсем» бөбекжай-балалар бақшасының «Бүлдіршін» тобының тәрбиешілері ұйымдастырған тағылымды шараның куәсі болдым.
Аталған шарада мен және бірқатар алтын және күміс алқалы аналар шақырылып, топтың тәрбиеленушілері тақпақтарын айтып, әннен шашу шашты. Бізге өздерінің құрметтерін көрсетті.
Отбасының ұйытқысы ана екені белгілі. Оны іс жүзінде дәлелдеп жүрген аналар жетерлік. Ал балаларымызды мектепке дейінгі біліммен қамтып жүрген тәрбиешілер де балаларды аналық мейіріммен, педагогикалық пайыммен тәрбиелеп келеді. Осы орайда балабақша басшылығына, оның ұжымына, шараны өткізуге атсалысқан жандарға аналық алғысымды білдіремін.

Сымбат Игілікова,
Төле би ауылының тұрғыны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.