Ақпараттық портал

ТҮНГІ РЕЙД – ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БІР ЖОЛЫ

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, көңіл көтеру орындарында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шараның негізгі мақсаты – түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейд барысында жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі талаптарын орындау және қолданыстағы заң талаптарын бұзбаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен заңды өкілдердің бала қауіпсіздігіне жауапкершілігі жөнінде де ескерту жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, әрі тәртіп сақшыларымен қатар, осы жолдардың авторы да қатысты.
Жалпы, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында барлығы 246 іс-шара өткізіліп, оған 3577 жас қамтылған.
Жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Динара Көшен,
Төле би ауылдық округінің жастармен
жұмыс жөніндегі маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.