Ақпараттық портал

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан қасиетті де қастерлі күн. Өйткені, 1986 жылдың желтоқсанында жылдар бойы сыздаған жараның өзегі жарылды. «Желтоқсан оқиғасы» ғасырлар бойы қазақ халқының басынан өткен соқтықпалы-соқпақты оқиғалардың ең соңғысы және ірісі болды.
Дәл осы желтоқсан айында елдің болашағы таразыға түсті. Ұлтымыздың көкірегінде ұзақ жылдар бойы шегенделген шер ағытылды. Сол мезеттегі жалынды жастардың өр рухты жігері мен қайтпас қайсарлығы бүгінгі буынға әрдайым үлгі болары сөзсіз. Көзсіз батырлық, жанашырлық, бауырмалдық сынды отты сезімнің күшімен ызғарлы желтоқсанның аязында алаңға шыққан жастардың септігі кеңес үкіметінің қол астындағы бірнеше елдің тәуелсіздік туын көтеруіне бастамашы да болды. Желтоқсан боздақтарының бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады.
Осыған байланысты, өткен аптада аудан әкімі Сәкен Арубаев бастаған әкімдік қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері аудан орталығындағы «Тәуелсіз қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойып, «Желтоқсан көтерілісінің» құрбандарына тағзым етті. Сонымен бірге, «Желтоқсан оқиғасында» бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылу жолында қыршын кеткен боздақтарымызды үнсіздікпен еске алды.
«Шу өңірі» – ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.