Ақпараттық портал

РУХАНИ КӨСЕМНІҢ РУХЫНА ҚҰРМЕТ

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осыған орай жуырда Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің педагогтары Қожабергенова Балқия Жетпісбайқызы және Айжан Қамбарқызы «Ахмет Байтұрсынұлы – XXI ғасырдың ұлы тұлғасы» атты үш тілде іс-шара өткізді.
Шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер, еңбек ардагерлері қатысты. Ахмет атамыздың өмір жолы мен еңбек жолын айтып өтіп, оқушылар үш тілде белсенділігін танытты. Алматы қаласындағы Каспий университетінде Ахмет атамыз туралы жазылған ғылыми еңбектері сараланып, ректордың атынан іс-шара соңында оқушылар марапатталды. Аталмыш педагогтар Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барып, арнайы бейнетаспа арқылы көрген ақпараттарды оқушыларға жеткізді. Мектеп директоры Алипбаев Есболат Догдырбайұлы қатысушыларды құттықтап, шара соңында Мадақтамамен марапаттады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Балқия Жетпісбайқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Қамбарқызының жұмыстары көңіл қуантады. Алдағы уақытта да олардың өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы жұмыстарына мол табыстар тілеймін!
Ш.МАСАТБАЕВА,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің ардагер-ұстазы,
ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері,
зейнеткер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.