Шахмат – ақыл-ойдың спорты
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектепте білім алушылардың ойлау логикасы мен зейінділіктерін дамыту, түрлі нұсқаларды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерге баулу мақсатында шахмат ойыны челленджі ұйымдастырылды.
Шахмат – ақыл-ойға негізделген спорт түрі. Егер, сен жеңбесең, онда ол сені жеңеді. Шахмат ойынында ғылым, өнер және спорт элементтері астасып жатыр. Ойын нәтижесі тек бір нәрсеге – ой мықтылығына байланысты.
Сонымен қатар, шахмат математикалық қабілетті дамытады, назар аударуды жинақтайды, қиындықты жеңе білуге баулиды.