Мұқаңдай кеудемде маздайды от…
Қазақтың өлең өнерінің Хантәңіріндей биік шыңы болған Мұзбалағы туралы жақында ғана “Мұқағали өлеңдері” атты кітап оқып шықтым. Бұл кітапқа Мұқағалидың өнер мен өмірді ұштастыра кешкен қилы өмірі, шығармашылығы туралы сыр шертер өлеңдері түсіріліпті. Мұқағали шығармашылығы туралы бұрыннан білетінмін. Десе де, Мұқағалидың “Шәмілге жазған хаттардан” атты өлеңінен кейін ақынның өзіндік қолтаңбасы бар екендігін тереңірек сезіп-білгендеймін. Неге дейсіз ғой?! Мұқағалидың “Шәмілге жазған хаттардан” өлеңі адамдардың бір-біріне деген сезімі – біздің өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетеді.
Иә, махаббат туралы ақындардың жазғаны аз емес-тін, бірақ, Мұқағали Мақатаев лириктігінің арқасында махаббаттың адамдар арасында зор мәртебеге ие екендігін өзінің өлең шумақтарымен білдірді. Мұқағалидың махаббаттан да басқа туындылары жоқ емес, өмір мен өлім, ата-ана қадірі туралы және т.б лирикалық туындылары өте көп. Бұл мақаланы жазу үшін маған кітап көмескені мәлім, ал кітап адамға керекті мәлімет, қызықты оқиғаларды, тарихты, өткеніміз бен бүгінімізді алдымызға паш етеді. Осындай қысқа болса да үлкен ойлы шығарма жазуға маған оқығаным үлкен көмектесті, сондықтан сіздерге менің кеңесім кітап оқыңыздар, кітап бізге тілдік қорды дамытуға көмектеседі. Мұзбалақ ақынға арнаған тырнақалды туындымды арнау өлеңіммен аяқтасам деймін…
Мұқа, сенің жолыңды қуып келем,
Жаза алам ба дәл сендей уытты өлең?!
Ол жағын айдан анық білмегенмен,
Әйтеуір мен жолыңды қуып келем.
Сенен алам өлеңнің байлығын мен,
Алмасам да айырып айды күннен.
Өмірімнің сәттері өтіп жатыр,
Дәл ағасы, өзіңдей қайғырумен.
Мен түсімде бағынбас биік көрем,
Сол биікке күшімді жиып келем.
Жетіп алып аңсаған биігіме,
Кешіргін, жаза алмасам сүйікті өлең!
Еркебұлан Дүйсекеев,
М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы.