Ақпараттық портал

Жетістігі мол білім ошағы

Адам өмірінде әсемдік пен эстетиканың орны ерекше. Оқушыларды сурет өнері мен дене тәрбиесіне баулыған Төле би атындағы орта мектептің эстетика пән бірлестігінің ұстаздары еңбекке деген талпыныс пен құштарлықты оятуды мақсат етеді.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері бойынша өнер туындылары республикалық “Бояулар құпиясы” номинациясы бойынша І орын алған Балнұр Мұхтархан, “Ұлттық натюрморттан” халықаралық байқау жеңімпазы Маржан Қайрат, пирография өнері бойынша күйдіріп сурет салудан Ерасыл Ноғайбай, зергерлік бұйымдар жасауда, қамшы өруден ерекшеленген Әбіш Темірлан сияқты оқушылардың жетістіктері көз қуантады. Інжу Байназар 9 сынып оқушысы облыстық, республикалық сурет өнері додаларында озық шығып, халықаралық байқауға Түркияға жолдама алды. Оларды шеберліктің шыңына шыңдаған “Құрмет белгісі”, “Үздік ұстаз”, “Мәртебелі педагог” төсбелгілерінің иегері Еркінғали Диханбаевтың еңбегі орасан зор. Қазақ даласындағы кең тараған тоғызқұмалақ ойыны бойынша Мадияр Айдаровтың шәкірттері облыстық жүлдені қанжығаға байлады.
Бір сөзбен айтқанда, білім шаңырағы спорт мектебі десе де болады. Самбо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысы чемпионатында Фархад Сейдум, “Жастар нашақорлыққа қарсы” ұранымен бокс біріншілігінде Аңсар Мұхамеди, Бақыт Мансур, Алинур Кабиров, Айдос Сағатов, Қырғызстанда өткен халықаралық турнир жеңімпазы Наиль Асанходжаев сияқты шәкірттер көптен көп. Баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, грэпплинг спортшылары сапалы білімдерін паш етіп, биылғы оқу жылында “Ең озық мектеп” атанып отырмыз.
Эстетика пән бірлестігінің майталмандары Серік Құрамаев, Саябек Құрасбеков, Ғабит Абдиманапов, Данияр Алипбаев, Арман Балқожаев пен ұлдар мен қыздарды ұлттық қолөнерге, музыка өнеріне баулыған Жұмакүл Қожаева, Бақытбек Ашибаев, Манат Балыбаев сияқты еңбегі ерен ұстаздарды мақтанышпен айтуға болады.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.
Суретте: эстетика пән бірлестігінің ұстаздары шәкірттерімен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.