Ақпараттық портал

Эхинококкоз профилактикасы

Эхинококкоз – клиникалық белгілері күрделі, созылмалы түрде айналып, асқынып ,қаза болу жағдайымен аяқталатын паразитарлық өте ауыр індет.
Эхинококкоз құрттарының жіктелуі
-Эхинококкоз қоздырғыштары иттердің ішінде өмір сүретін майда ленталы құрттар.
-Ауылшаруашылық малдары (қойлар, шошқалар, сиырлар және т,б) эхинококтердің аралық қожайындары қызметін атқарады.
-Олар организдерінде паразиттің личинкалы (балаңқұрт ) қалталы кезеңі дамиды.
-Итке малдардың эхинококк личинкалары бар шикі органдарын берген кезде оған ауру жұғып ,иттің ішінде жыныстық тұрғыдан жетілген құрттар өседі.
-Эхинококк иттің аш ішегіндегі 5-6 ай өмір сүргеннен кейін сыртқа шығады.
-Жұмыртқасы жарылып, мыңдаған жұмыртқалар босап шығып ,қоршаған ортаға тарайды. Олар топырақта, иттер мен басқа да жануарлардың жүндерінде айлап тіршілік етеді.
-Итке малдардың эхинококпен зақымданған шикі ішкі органдарын берген кезде оған ауру жұғып,иттің ішінде жыныстық тұрғыдан жетілген құрттар өседі.
Жұғу көздері:
Індеттің негізгі көзі- ауру ит.
Таралу жолдары:
Эхинококк жұмыртқаларымен ластанған көкөністер, жеміс-жидектер, лас қолдар және ауру итпен араласу арқылы таралады.
Зақымданатын органдар
Эхинококк жұмыртқалары адамның ішегіне түскеннен кейін қан тамырларына түсіп, қан арқылы :
-Бауырды
-Өкпені
-Миды және басқа да органдарды зақымдайды.
Эхинококкоздың алдын алу шаралары:
-иттерге малдың эхинококпен зақымданған шикі органдарын бермеу;
-жеке бас гигиенасын сақтап, үй жануарлармен араласқаннан кейін міндетті түрде қолды сабындап жуу;
-жеміс- жидектерді қолданар алдында мұқият жуу;
-жеке жәнә заңды тұлғалардың иттерін есепке алып, тоқсан сайын дәрілеу;
-ауырған итті дер кезінде анықтап, емдету.
Г.Дәуренқұл,
Шу аудандық санитарииядық эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.